©
Халықаралық көрме павильондарында орналасқан ерекше конструкциялар мен жаңа технология жабдықтарын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл ұшақ Чехия павильонында орналасқан. Экипажы екі адамға арналған. Ол электр қуатының көмегімен әуеге көтеріледі. Яғни, оны ұшардан бұрын толықтай қуаттап алсаңыз жеткілікті. Мұндай ұшақтардың бірнеше данасы шығарылған, Чехияда қазіргі таңда қолданылып жүр. Бұл – "Арман-тілек ағашы". Оны Финляндия павильонынан кезіктіре аласыз. Жанына арнайы қағаз бен қалам қойылған. Соған келіп, кез келген жан өз тілегін, арманын жазуына болады. Лапландия Санта-Клаустың отаны ретінде әлемге әйгілі. Жақында көрмедегі Финдляндия ұлттық күндері атап өтіледі. Соның аясында ЭКСПО-ға Санта Клаус келеді деп жоспарланған! Бүкіл халықтың арманын Санта Клаус орындайды деген ниетпен дәл осы шырша көрмеге қойылған. Бұл Австрия павильонынан көрініс. Мұндағы экспозициялардың барлығы ойын түрінде көрсетілген. Адамның миы болашақтың энергиясын, болашақтың жобаларын жеңіл қабылдау үшін осылай ұсынылған. Павильондар арасын осындай конструкция жалғайды. Сырты жылтыр материалмен қапталған. Ерекшелігі – желдің бағытына қарай ырғалып, сыртқы қабаты күнмен шағылысып, айналасына көрік беріп отырады. Peugeot (Пежо) автокөлігін Франция павильонынан көре аласыз. Бұл жартылай жанармаймен, жартылай электр энергиясымен оталады. Қазір бірнеше данасы қолданыста. Тап осындай көлік Германия павильонына да қойылған. Бірақ оның маркасы – BMW. Оны арнайы құрылғы арқылы 4 сағат қуат көзіне қосып алсаңыз, 600 шақырымды алаңсыз артқа тастайсыз. Жанармайсыз жүргендіктен экологиялық тұрғыдан да тиімді. Болашақтың темір тұлпарлары қай жағынан да артықшылығын байқатып тұр.Теңге БЕКМҰРЗАЕВА