©
Астанадағы жер астынан шығып тұрған қолдың мүсіні туристерді таңғалдырды. Бұл инсталляцияда асфальтті «жарып шығып», алақанына ағаш өсіп тұрған мүсін бейнеленген. Қалалық шешімдер бюросының директоры Дәурен Қайсаров әлеуметтік желіде жазылушыларының назарын осындай көрікті композицияға аударып: «Манникюрдің жарнамасы ма? Жоқ! Сіздер елордамыздың жаңа көрікті жерін не деп атар едіңіздер?» - деп жазды. Желі қолданушылары мұны Бакудегі мүсінмен салыстырды. Атап өткен жөн, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде Қазақстан астанасында ерекше мүсіндер мен жас көшеттер пайда болды.Дереккөз: inform.kz