©
Медициналық қызметкерлердің төл мерекесі қарсаңында, аудан тұрғындары арасында тегін медициналық тексеріс пен көмек көрсету, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мәселелері жөнінде, сонымен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында, Сенек және Аққұдық ауылына Мұнайлы аудандық ауруханасына қарасты жылжымалы медициналық кешен вагоны барды. Жылжымалы медициналық кешен құрамында, кардиолог, хирург, окулист, стоматолог, УДЗ, ФГДС, ЭКГ, рентген, лабораториялық тексеру бар. Сенек ауылы тұрғындары скринингтік тексеруден өтіп, дәрігерлерден кеңестер алды. Қарақия орталық аудандық аурухана директоры Ж.А.Шоланова ауыл тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы түсіндіріп, ақпараттық ағарту материалдары таратылды. 155 ересек адам және 52 бала қамтылды.Дереккөз: dsb.mangystau.gov.kz