• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 8 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Пәтуалар жинағы жарық көрді

    [ 2017 ] 14 маусым, 06:08  |  Жаңалықтар

    ©

    Қамшы сабындай қысқа ғұмыр қас қағым мезетте  өтеді де, кетеді. Бес күндік жалған, баянсыз тірлік демі  үзілер сәт барша пенденің маңдайына жазылған. «Өзекті жанға өлім хақ» дейді қазақ. Мәңгі өмірді көксеген Қорқыт ажал аранынан қашып құтыла алмаған. Қай жерге тұрақтаса да көз алдына қазулы көр көлбеңдеп, қыр соңынан қалмаса керек. Бұны біз  “өмір бар жерде өлім барын” әркез ескеріп, алдамшы дүниенің арзан қызығына салынып, ізгілік пен ар-иманнан айырылып қалмауға үндейтін  ұлт тағылымы деп білеміз. Қазақ халқы ежелден Өлімді хақ Тағаланың бір қалауы деп, аса құрметпен қараған. Үлкендер жағы “өлімді әркез ескеру керек деп отырушы еді. Қазақ халқында жарық дүниемен хош айтысқан жанды ақтық сапарға аттандыру рәсімі шариғат қағидаларына сай жөн-жоралғы, әдет-ғұрыптар аясында өткерілген. Адамды арулап жерлеп, жер қойнына тапсыру кез келген мұсылманның парызы. Дегенмен бүгінгі таңда ел арасында қайтыс болған жанға жаназа шығару және жерлеу рәсімдеріне қатысты сан түрлі көзқарас туындап, пікірталасқа ұласып жатқан көрінеді. Осыған байланысты жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен “Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы жарық көрді. Жинақ мазмұны ең алдымен діни рәсімдердің атқарылуында кездесетін қарама-қайшылықтарды жойып, олардың орындалуын бірізділікке түсіру, жамиғатқа бірыңғай үкімдерді жеткізуді мақсат етеді. Маңғыстау өңірінде  жуырда ғана аталған жинақ тұсауы кесіліп, дін өкілдері, ақсақалдар мен қоғам белсенділерінің қызу талқысына түсті. Қоңыр мұқабалы кітап мазмұны жаназа мен жерлеу рәсімдеріне қатысты  жеті тараудан құралған. Жинақта хал үстінде жатқан жанның ахуалы, жан тәсілім еткеннен кейінгі шаралар, мәйітті жуындыру мен кебіндеу, жаназаға қатысты үкімдер, қабірді зиярат ету сынды сауалдарға діни пайым тұрғысынан тұщымды пікірлер берілген.  Редакция алқасының құрамында Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы Смайыл Сейітбеков бар. «Биыл өлім-жітім рәсімдерін өткеру, маңғыстаулық садақа беру әдебіне қатысты  ауқымды жиын өткізілгені баршаға аян. Басқосуда жуық арада арнайы жинақ жарық көретіндігі жайлы сөз болды. Уәдеге сәйкес,  міне, шағын кітапша шығарылды. Кітапта алдымен ажал жайлы баяндалады. Ажал алдында мұсылман қандай амалдар істеуі керек, бейқам жүруі дұрыс па, әлде  бұрыс па, өлімді еске алудың артықшылығы неде сынды сауалдарға жауап беріледі. Пәтуа дегеніміз шариғат негізінде сауалға қысқа әрі нұсқа жауап беру. Бұл кітапта пендені о дүниеге аттандыру рәсіміне қатысты пәтуалар біріктірілген. Мәселен, төртінші тарауда мәйітті жуындыру мен кебіндеу жөн-жоралғысы баян етіледі. Кісі қайтқанда тірі адамның мойнында төрт парыз бар. Оны жуындыру, кебіндеу, жаназасын шығару мен жерлеу. Міне осы секілді пәтуалар шағын кітапта жинақталған. Кітап тек ел игілігіне қызмет етсе деген тілегіміз бар»,-деді бас имам С.Сейітбеков. Ақсақалдар жерлеу рәсімдері әр кезде әртүрлі атқарылатындығын айтып, діни жинақ барша халық басшылыққа алатын, бір ізге түсірілген дүние болатындығына ризалығын білдірді. Жаңа пәтуалар жинағын сатып алам деушілер мешіт аумағынан таба алады.

    Голрох Жеменей

    1264
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    Келесі жаңалық

    Жаңаөзендіктердің алғашқы легі ЭКСПО-ға аттанды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2561

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4383

      Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы еріктілерді іздейді

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 09:23
      2437

      2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 10:32
      1938

      Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

      [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
      2873

      Ақтауда тұрудың 10 ерекшелігі

      [ 2017 ] 17 шілде, 03:54
      5300

      Рубрикалар

        Байланыс мәліметтеріРедакция ұжымыӘлем жаңалықтарыСпортДенсаулықМаңғыстау жаңалықтарыБіле жүріңізАуыл өміріРедакция туралыХабарландыру

      Автордың басқа да жазбалары

      «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
      1732

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

      [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
      2837

      Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

      [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
      1711

      Сапалы өнім – табыс көзі

      [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
      2074

      Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
      2264

      Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

      [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
      1634

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»