Спорттық киімдер тарту етті
[ 2017 ] 2 маусым, 10:18 | Жаңалықтар
1 маусым мейрамы №11 мектепте де салтанатты түрде атап өтілді. Оқушылардың атсалысуымен концерт ұйымдастырылып, тұрмыстық жағдайы төмен отбасы балаларына спорттық киімдер сыйға тартылды.
Шараның өтуіне облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Ана мен бала-2011» ұйымы ұйытқы болды. Көңілді кешке ата-аналар да қатысты. Мектеп директоры Қаршагүл Әділбекова, «Ана мен бала-2011» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дәметкен Шакенова, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Айгүл Төреғалиева сөз сөйлеп, лебіздерін білдірді.
Шахида Жұман
1054
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.