Қызылтөбеде балабақша ашылды
[ 2017 ] 1 маусым, 13:05 | Жаңалықтар
Балаларды қорғау күні мерекесінде қос қуаныштың куәсі болдық. Оның бірі-балаларды қуанышты күнімен құттықтап, мерекелесек, екіншісі-Қызылтөбе-2 ауылында «Сұңқар» атты жаңа балабақша ашылды.
Балаларға қуаныш сыйлау – әлемге шуақ шашумен тең. Балалардың айтулы мерекесінде балаларға жақсылық жасап, олардың болашағы жолында еңбектенген жеке кәсіпкер Роза Юсупова Қызылтөбе-2 елді мекенінен 50 орындық балабақша ашты. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Н.Тәжібаев, аудандық мәслихат хатшысы Б.Назар, облыстық мәслихат депутаты А.Салманов және білім саласының басшылары мен мамандары қатысты. «Сұңқар» балабақшасының болашақ тәрбиеленушісі Ахмет Тұржас «Балапан» әнімен қонақтарға шашу шашты. Ал, ата-аналар атынан сөз алған Мақсат Ағылаев балаларды қорғау күнінде балаларға сый жасап жатқан кәсіпкерге ата-аналар атынан алғысын білдірді.
Аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, заман талабына сай білім мен өнер үйрететін, бүлдіршіндердің талабына қанат бітіретін, мектепке дейін дайындайтын білікті балабақша болуларына тілек білдірді. Ауыл ақсақалы Еламан Оңдағанов жиылған жұршылыққа балабақша ашылуына арнап, ақ батасын берді.
Аудан әкімі Н.Төлегенұлы мен ауылдың сыйлы ақсақалы Е.Оңдағанов лента қию рәсімін жасап, балабақша ішін аралап, жұмыс орындарымен танысты.
941
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.