Агроөнеркәсіп кешендерінің субъектілерін субсидиялау барысында мемлекеттік қаражаттың игерілуінің заңдылығы және тиімділігіне тексеру жүргізу барысында, жергілікті атқару органдарының қызметкерлері және басқа да тұлғалар тарапынан 77,3 млн. теңге көлеміндегі мемлекеттік қаражатты өкілеттіктерді теріс пайдалану, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу арқылы заңсыз субсидиялауға жол берген деректері анықталды. Тексеру қорытындысымен Маңғыстау облысы ауыл шаруашылық Басқармасының басшысы (әрі қарай Басқарма) және басқа тұлғаларға қатысты облыс прокуратурасының СДТБТ-не 3 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркеліп (ҚР ҚК-нің 361 б. 2 б., 369 б. 2 б. және ескі редакциядағы ҚР ҚК-нің 307б. 2б.), тергеу ретімен Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросына (әрі қарай Департамент) жолданды. Сонымен қатар, облыс прокуратурасымен бірге жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде Департаменттің СДТБТ-не Басқарма бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, «Маңғыстау облыстық су жүйесі» МКК-ның (әрі қарай «МОСЖ» МКК-ы) директоры және ЖК «Ақбұлақ» басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 189 б. 4 б. 2 т. көзделген қылмыс дерегі тіркелді. Осыған қоса, 03.05.2017 жылы «МОСЖ» МКК-ның директорымен, ЖК «Ақбұлақ» басшысынан 1 млн. теңгені алу дерегі әшкереленді. Бұл дерек Департаменттің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 190 б. 3 б. 1 т. тіркеліп тергелуде. 05.05.2017 жылғы Ақтау қалалық сотының қаулысымен Басқарма басшысы және «МОСЖ» МКК-ның директорына күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі