©
«Асар» ақпараттық-талдау орталығы» ЖММ 2015 жылы Маңғыстау облыстық дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азаматтардың діни сенім бостандығы саласындағы құқықтарын қорғау, деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған тұлғаларға ақпараттық-консультативті, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету», «Қауырт желі-114» және Маңғыстау облыстық ДІБ «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» КММ көмек көрсету» қызметі бойынша жобаларды жеңіп алып, мемлекеттің зайырлылық сипатын сақтай отырып, халықтың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету және дінаралық, ұлтаралық қақтығыстардың алдын алуға негізделген, әсіресе, жастарға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізген болатын. Орталықтың негізгі мақсаты өткізілген шара арқылы дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушыларды анықтап, олармен оңалту жұмыстарын жүргізіп, дәстүрлі бағытқа көшіру болғандықтан кейбір мекемелердің ислам дініне ерекше қызығушылығы бар қызметкерлерімен де кездесулер өтіп, олардың діни бағыты анықталды. Сонымен қатар радикалды діни ағымға тап болған тұрғындармен жеке кездесу, оңалту жұмыстарын жүргізіп, белсенді жұмыс нәтижесінде 18 адамды дәстүрлі бағытқа көшіруге мүмкіндік туды. Түзеу мекемелеріндегі экстремистік бап бойынша сотталғандармен жүйелі түрде оңалту жұмыстарын жүгізу нәтижесінде 7 адам дәстүрлі ислам бағытына көшірілді. Қоғамда радикалды көзқарас пен нанымды қалыптастыруға тырысып жүрген, адам санасына мақсатты ықпал жасап, отансүйгіштік сезімі мен ұлттық өзіндік сана-сезімін, мәдени-имандылық, отбасылық құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтыруына орай, келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында облыстағы мемлекеттік қызметкерлер мен исламтанушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту семинарларын өткізді. Белгілі теологтармен бірнеше кездесулер ұйымдастырды. «Асар» ақпараттық-талдау орталығы» радикалды ағымға енудің жолын болдырмауға байланысты тұрғандар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, әскери, түзеу мекемелерінде шара ұйымдастырудан тәжірибесі мол болғандықтан өткен жылы да облыстық дін істері басқармасы жариялаған және Жаңаөзен қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізу» әлеуметтік тапсырыстарын ұтып алды. Тапсырыс аясында психологтарға, имамдарға және ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған семинарлар ұйымдастырды. Әйелдермен де арнайы шаралар жүргізілді. Бұл жұмыстарды биыл да жалғастырып келе жатқан орталық жақында деструктивті ағымға бейім тұлғалармен жұмыс жасайтын ақпараттық топ өкілдері мен теологтарға, психологтарға арналған семинар-тренинг өткізді. Бірнеше күнге созылған семинар барысында теріс ағымдағылармен жұмыс жасау әдіс-тәсілдері, ақпараттық жұмысты жүргізу тәртібі, ақпараттық-насихат жұмысының тиімділігі туралы айтылды. Психология ғылымдарының докторлары Наталья Фесенко мен Куралай Алина діни ағымға бейім адамдарды тану, олармен жұмыс жасаудың кезеңдері туралы түсіндірді. Ал дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері Жолдас Сүйітов, Жұлдыз Аталықова түсіндіру жұмыстарының барысында ескеретін ерекшеліктер, тыңдаушылармен терең сұхбат құру, алдын алу жұмыстарын тиімді ету сынды жайттарды баяндады. Семинар соңында барлық қатысушыларға біліктілігін арттырғанын айғақтайтын сертификаттар табыс етілді.Валентина ҚОЗЫБАҚОВА