Ақ жаңбыр шелектеуде, Жылады теректер де, Су-су болған... Бүгінгі ауа-райы көпшілігіңіздің жақсы көңіл-күйде жүрулеріңізге себеп болған болар?! Иә, жаңбырдан кейінгі даланың жұпар иісі, мүлгіген тыныштық бойға сергектік, шабыт сыйлайды емес пе? Бізге ғана емес, барша тіршілік атаулыға, өсімдіктер мен жан-жануарларға да ерекше әсер етеді. Мына сұлу сурет соның дәлелі. Кешегі жауыннан кейінгі табиғаттың бізге әзірлеген тартуы. Жақында ауыл, аудандарда көпшілік жиылып, тілек тілеп, «Тасаттық» берген еді. Бәлкім сол кісілердің ниетіне бұйырған болар. Көктемгі жаңбырдан кейінгі нәзік жаратылысты тәжірибелі фотосуретші Талант Құсайын тартымды кадрге айналдырған еді. Тамашалаңыз!