Маңғыстау облыстық орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқали және сайлау комиссиясының мүшелерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. 2017 жылдың 27 сәуірінде «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің №468 Жарлығы шықты. Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясы «2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын» 2017 жылғы 28 сәуірдегі №9/157 Қаулысымен бекітті.
Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы 4 мамырда шығатын «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттерінде Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының құрамы және орналасқан орны туралы хабарламасын жариялады.
Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі. ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары болып табылатын таңдаушылар сайлайды, бұл депутаттар өз кезегінде сайлаушылардың өкілдері болып табылады.
Облыс бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутатының сайлауын дайындау мен өткізуді Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Осы уақытқа дейін 5 адам өзін-өзі ұсыну жолымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар болып ұсынылды. Олар:
Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу Сайлау туралы Конституциялық заңның 73-бабында көрсетілген құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады. Тіркеу сайлауға 20 күн қалғанда - ағымдағы жылдың 7 маусымында аяқталады.
Облыстық сайлау комиссиясы Шелпековті және Нұрғалиеваны 4 мамыр күні тіркеуге қажетті тапсырылған құжаттарын толық деп есептеп оларды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттар етіп тіркеді. 6 мамыр күні Облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар етіп Хасановты, Тумышевты және Нұрдәулетовті тапсырылған құжаттарының толықтығын ескеріп тіркеді.
Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну 28 мамырда аяқталады.
«Өткен сәуір айының 27-нде Елбасымыз осыдан алты жыл бұрын сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттілігі бітуіне байланысты қайтадан Парламент Сенаты депутаттарын сайлау туралы Жарлық шығарған болатын. Соған байланысты облыстық сайлау комиссиясына Заң аясында осы сайлаудың дайындығын жүргізу, өткізу тапсырылды. Сайлау күні маусым айының 28-не тағайындалды. Сенат депутаттарын сайлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мәжіліс депутаттарын сайлау, болмаса жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлаудан ерекше. Неге десеңіз, Сенат депутаттарын сайлау жанамалы түрде өтеді. Яғни оларды облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутаттары сайлайды. Олар өз кезегінде барлық халықтың атынан сайлайды. Күні бүгінде облыс бойынша 115 депутат бар. Олар облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары. Заң бойынша, Парламент сайлауы тағайындалғаннан кейін келесі күні ҚР азаматтары Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде өзін-өзі ұсынуына толықтай құқығы бар. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар екі жолмен 9 ұсынылады. Біріншісі, өзін-өзі ұсыну, екіншісі, аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттардың сессияларында ұсыну. Күні бүгінге дейін өзін-өзі ұсыну жолымен 5 адам Парламент Сенаты депутаттығына үміткер ретінде тіркелді. Сайлаудың өтуіне халықаралық байқаушылар қатысады. Мысалы, өткен жылы Сайлауда Ресей Федерациясынан, облыстық қоғамдық ұйымдардан, БАҚ тарапынан байқаушылар қатысты. Олар өз кезегінде сайлау барысын қадағалап, ақпарат жинақтайды», - дейді Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқали.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ