«Қоғам – сенің қорғаның»
[ 2017 ] 12 мамыр, 05:05 | Жаңалықтар
Маңғыстау облысы прокуратурасының «Қоғам – сенің қорғаның» атты жобасын жүзеге асыру мақсатында Мұнайлы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Маңғыстау ауылдық «Миғраж» мешітінің бас имамы Руслан Баймуканов және мешіт жанынан құрылған «Үммет жастары» мен бірлесіп халықтың осал топтарына көмек көрсетілді.
Яғни мүмкіндігі шектеулі жандардың, жетім-жесірлер мен жағдайы төмен отбасылардың мұқтаждығына қол ұшын беру мақсатында Мұнайлы ауданының «Рахат», «Дана» сауда орталықтарында және Ақтау қаласында орналасқан «Дана» (13, 22, 32 шағын аудан), «City market» (Метрополис сауда үйі, Астана сауда орталығы) , «GOOD» (22 шағын аудан), «Нұрғалым» (Олжа әмбебап сауда кешені) супермаркеттеріне халықтың азық-түлікпен көмектесуіне арналып жасалған сөрелер орнатылды.
Орнатылған сөрелерден жиналған азық-түліктерді аудан аумағында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға және жетім-жесірлерге тарату жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күнге дейін аудан аумағында жасалып жатырған іс-шаралар нәтижесімен 80-ге жуық отбасы азық-түліктермен қамтылды.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасының қызметкерлерімен аталған отбасылардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында заңға түсіндірме берілді.
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық прокуратурасы
1039
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.