©
2017 жылдың 27 сәуірінде "ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын 2017 жылғы 28 маусымға тағайындау туралы" Елбасының жарлығы шықты. Осыған орай, Маңғыстау облыстық орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқалиев және сайлау комиисиясы мүшелерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Осы уақытқа дейін ҚР Парламент Сенатының депутаттығына Маңғыстау облысынан 5 адам өзін-өзі ұсыну жолымен жолымен кандидат болып ұсынылды. Олар:
Дәулетжан Хасанов – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры
Бақтыбай Шелпеков – ҚР Парламенті Сенатының депутаты
Халила Нұрғалиева - МО Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Аманғали Нұрдәулетов – МО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы
Нұри Тумышев – «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Депутаттар жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында сайланады. ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары болып табылатын таңдаушылар сайлайды.
Сайлауға 30 жастан асқан, 5 жылдан аса еңбек тәжірибесі бар азаматтар түсе алады. Кандидаттарды ұсыну 28 мамырға дейін жалғасып, тіркеу 7 маусымда аяқталады.
Маңғыстау облысы бойынша облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі барлығы 115 мәслихат депутаты бар. Олардың барлығы 28 маусым күні өтетін сайлауға қатысып, дауыс береді. Науқанның үгіт-насихат жұмыстары 8 маусымда басталып, 26 маусым күні тоқтатылатын болады. Сайлауға отандық және халықаралық байқаушылар да қатыстырылады.