Астана тұрғыны Несіпкүл Ұябаева үйінің сыртына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып тастаған. Кейуана бұл қадамға үйін бұздырмау үшін барған. Ұябаеваның үйі Астанадағы "Майский" саяжай массивінде орналасқан. Несіпкүлдің айтуынша, "мемлекет мұқтаждығына қажет" деген себеппен үйді бұзуға ниетті биліктің әрекетіне президенттің 91 суреті кедергі болады деп отыр. "Шенеуніктер тым болмаса президенттен қорқатын шығар деген оймен президенттің суретін жапсырып қойдық. Елбасымыз халық жақсы өмір сүру үшін, болашағымыздың жарқын болуы үшін өз саясатын ұстануда. Ал олар болса, біздің жерімізді тартып алып, далаға лақтырып тастады", - дейді Несіпкүл Ұябаева. Айта кетейік, үйде жеті адам тұрып жатыр, олардың екеуі кәмелет жасына толмаған. Үй иелері жергілікті билік бастапқыда өтемақы ретінде 400 доллар, биыл 4 миллион 700 мың теңге ұсынған айтады. Алайда олар мұндай ақшаға пәтер сатып ала алмаймыз деп отыр. Еске сала кетейік, 28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында "қала көркін бұзатын ескі үйлердің" әлі де қалғанын сынға алған болатын. Дереккөз:nur.kz