Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады. Сондай-ақ, Министр Абаев жобаның идеясын бірден қолдағанын айта кетті. «Менің ойымша, жобаның қымбат болғанын қалаймын. Егере мүмкіндік болып жатса, демеушілерді тартуға болады. Мен «Қазақстан» ұлттық телекорпорациясының осы жобаны толықтай алып шығатынына сенімдімін. Осы жобаға тартылған барлық қызметкерлерге қаламақы жақсылап төленеді деп ойлаймын. Кейбір жобаларға қаражатты аямауларыңызды сұраймын. Сапалы деген сөз қымбат дегенге сай келмейді, сапалы бұл жоғары деңгейде түсірілген дегенді білдіреді»,-деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. Министр өз сөзінде алдағы уақытта осындай сапалы жобаларды қолға алып, халық өнерін жандандыру және дамыту керектігін баса айтты. Ақпарат және коммуникациялар министрі: «Кез-келген телеарна осындай жобаны алып кете алмайды» «Қазақстан» телеарнасында халықаралық «Мен қазақпын» жобасы бастау алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Біздің ұлттық дәстүріміз бен салтымыз, тіліміз бен өнеріміз, әдебиетіміз бен тойдағы әдет-ғұрыптарымыз – бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз мәңгі бізбен бірге қалу қажет» На телеканале «Казахстан» запущен международный проект «Мен – қазақпын», в котором найдет свое отражение призыв президента страны Нурсултана Назарбаева: «Наши национальные традиции и обычаи, язык и музыка, литература и свадебные обряды, – одним словом, национальный дух, должны вечно оставаться с нами». Неліктен «Қазақстан» телеаранасына таңдау түсіп отырғанын түсіндіре кетейін деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникциялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында. «Қазақстан» -№1 арна. Және 99 пайызға жуығын қамтиды. 100 пайыз қамтылу- бұл бірінші кезекте. Екіншіден, ұлттық арнаның танымалдылығы маңызды болып отыр. Үшіншіден, арнаның маңыздылығында»-деді министр Абаев өз сөзінде. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі жоба бағасының мәселесін «Қазақстан» ұлттық арнасының толық шешетінін алға тартты. «Кез-келген телеарна осындай жобаны алып кете алмайды. Сондықтан «Қазақстан» телеарнасына таңдауы түсті»,-деді Дәурен Абаев. Министр Дәурен Абаев осы жобаның жалғасатынын да атап өтті. «Тек «Қазақстан» телеарнасы ғана емес, барлық бұқаралық ақпарат құралдары жұмылдырылады» Бұл жерде мемлекеттік болмаса жекеменшік деп бөлінбейді» Ақпарат және коммуникациялар министрлігі үшін ең маңыздысы-тиімділік. Біз кез-келген саланың кез-келген жобасын қолдауға дайынбыз. Жақын арада бір нақты жобаны атаймыз. Қазірдің өзінде маңызды және қызықты жоба «КТК» және «31» теларнасымен бірге дайындық үстінде»,-деп нақтылады министр Дәурен Абаев. Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев: Мақсатымыз, таңдаулы туындыларды заманауи форматта насихаттау Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. «Елбасы рухани жаңғыру жөніндегі жалпы ұлттық идеяны жариялағанда жаңғыру үдерісі міндетті түрде елдің рухани тамырынан нәр алуы тиіс екенін атап айтқанын жақсы білесіздер. Біздің рухани тамырымыз бабадан мирас болған салтымыз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз десек, оның ішінде дәстүрлі әншілік, күйшілік және термешілік өнердің орны ерекше. Халқымыздың шежіремен бірге келе жатқан осы бірегей өнерді лайықты дәріптеу, елдік бірлік идеясын іске асырудың аса ұтымды құралы. Осыны ескере отырып, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Қазақстан» РТРК» АҚ арқылы «Мен қазақпын» атты телевизиялық мега жобаны ұсынып отырмыз. Жобаның мақсаты – дәстүрлі әнші, күйші, термешілерімізді еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңінен дәріптеу. Таңдаулы туындыларды өскелең ұрпаққа заманауи форматта насихаттау. Өнер бәйгесіне халық композиторларының шығармаларын, халық әндерін орындайтын өнерпаздар қатысады. Олардың ішінен ең үздігі телевизиялық байқауға жолдама алады» деді ол. Сонымен қатар, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин жобаның өңірлердегі алғашқы байқаулары 5 маусымда бастау алатынын тілге тиек етіп, жарысқа елімізден бөлек Ресей, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия мен Алтайда тұратын қандастарымызда қатыса алатынын жеткізді. «Өңірлердегі іріктеу жарыстары маусым айының соңында аяқталады деп жоспарлануда. Ал шілде айында Ресей, Қытай, Моңғолия мен Алтайда өткіземіз. Жобаның іріктеу кезеңінен түсірілген күнделіктер «Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирінен 9-27 тамыз аралығында көрсетіле бастайды. Ал жоба эфирге толық күйінде осы жылдың 3-қыркүйегінен енеді деп күтілуде. Күнделіктерді шығаруға арнайы шығармашылық екі топ құрып отырмыз. Бір топты танымал күйші, сазгер, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің аға маманы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Халықаралық Құрманғазы атындағы байқаудың лауреаты, Республикалық «Асыл мұра» байқауының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Айбек Бекбосын жүргізетін болады. Екінші топты дәстүрлі әнші, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президент оркестірінің әншісі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Әміре Қашаубаев, Естай Беркімбаев атындағы республикалық байқаулардың лауреаты Аллажар Қайбар жүргізеді. Айта кететін тағы бір жайт, жобаға 18 бен 40 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады» деді ол.