Рахмет Өтесінов атындағы спорт кешені алаңында отанымызды мекендеген жүздеген ұлттар мен ұлыстардың бірлігі күні тойланды. Жиналған көпшілікке «Ұлт бірлігі –Ұлы байлық» атты мерекелік композияциясы жарқын көңіл күй сыйлады. Бұл күні елімізде мекен ететін ұлттардың ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылып, қала тұрғындары ауыз тиді. Мерекелік концертке қатысқан қала әкімі Елубай Әбілов қала халқын Халықтар достығы күнімен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді. - Достық пен бірлік – қасиетті ұғым. Оны қастерлей білген халықтың ырысы мол болады. Осы ынтымақ ұранына үн қосқан біздің өңірдің жұртшылығы да бірлік мерекесін лайықты еңбек тартуларымен қарсы алып, жүзі басқа болса да, жүрегі бір сан түрлі этникалық топтың өкілдері татулықтың үлгісін көрсетіп жүр, - деді Е.Жақайұлы. Шарада қаладағы білім беру ұйымдары және арнайы оқу орындары дайындаған өзге ұлт өкілдерінің өнерлері ұсынылды. Әуелетіп ән айтылып, әр ұлттың ұлттық билері биленді.
Жаңаөзен-Ақпарат