©
Әрбір ата-ана баласының қандай сайттарда отырып, ғаламтор мүмкіндіктерін қалай қолданатыны туралы білуі, отбасында интернет ресурстарын дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыруы тиіс. Осыны басшылыққа алған аудандық тәртіп сақшылары сәуірдің 10-21 аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компанияны өткізуде. Науқан алдымен Маңғыстау-4 ауылындағы №11, Маңғыстау ауылындағы №5, Қызылтөбедегі №2 орта мектептерден басталды. Оған мектеп мұғалімдері мен инспекторлары, білім бөлімінің өкілдері қатысып, тақырып төңірегінде насихат жүргізді. - Акция кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына ғаламтордағы агрессивті әсерлерден болатын проблемаларды жеткізу мақсатында ұйымдастырылуда. Сонымен қатар жасөспірімдердің интернетке кіру белсенділігін бақылауға, ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылатуына байланысты да. Ақпараттық жұмыс жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобының мектеп инспекторлары тарапынан барлық білім беру ұйымдарында жалғасады,-дейді бұл жөнінде ювенальды полиция тобының аға инспекторы Жанат Сарбасова.Шахида Жұман