Мұнайлы ауданының әкімі НұрланТәжібаев пен «Нұр Отан» партиясының Мұнайлы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалиолла Сахипов баяндылық Ұлы Отан соғысының ардагері Абдулла Утаевтің үйіне арнайы барып, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың сыйлығын табыстады.
Аудан әкімі алдымен кешегі қанды қырғында қан кешкен қарияның қал-жағдайымен танысып, амандық-саулық сұрасты. Өңірге жаңадан тағайындалған басшының ардагерге арнаған сәлемін жеткізіп, қол арбаларды тапсырды.
Бүгінде 95 жастың төріне шығып, жүріс-тұрысы қиындаған Абдулла ақсақал қол арбалардың бірін үйінде қолданса, екіншісін тысқа шыққанда пайдаланатын айтып, алғысын білдірді.
Облыс әкімінің қамқорлығына риза болған қарт аудан басшысы әкелген дәм-тұздан ауыз тиіп, келгендерге ақ батасын берді.