Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері (кесте)
[ 2017 ] 31 наурыз, 10:10 | Жаңалықтар
Жаңа жылдан бастап айлық есепкіш көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 148 теңгеге артып, 1 АЕК 2 269 теңгеге жетті. Осыған байланысты жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері артты, деп хабарлайды Kapital.kz.
Еліміздегі жолда жүру ережесін бұзып, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін салынатын ең жоғарғы айыппұл мөлшері жарты миллион теңгеге жуық. Ол 200 АЕК-ті құрайды, яғни 453 800 теңге. Сондай-ақ, аяғы ауыр келіншектер мен зейнеткерлер сынды әкімшілік арест қолданылмайтын тұлғалардан өзге азаматтар 3 жылдан 5 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады.
Одан кейінгі ірі айыппұл көлемі – 50 АЕК, яғни 113 450 теңге. Ол көлікті тоқтатқан кездегі ережелерді бұзғаны үшін және мүгедектерге арналған көлік тұрақтарына көлігін қойған азаматтарға салынады. Былтырғы жылы аталған айыппұл мөлшері биылғыдан 7,5 мың теңгеге төмен еді.
Көлемділігі жағынан үшінші орында жылдамдықты 40 км/сағаттан асырған жолаушыларға салынатын айыппұл тұр. Мөлшері – 30 АЕК (68 070 теңге).
ІІМ әкімшілік полиция Комитеті бастығының орынбасары Талғат Мұсақановтың айтуынша, бүгінде жол қиылысындағы камералар саны артып, 1 772-ге жеткізілген.
Құқық бұзушылық
Айыппұл
(АЕК)
(Теңге)
Жылдамдықты арттыру
Жылдамдықты 10-20 км/сағатқа арттыру
10
22 690
Жылдамдықты 20-40 км/сағатқа арттыру
15
34 035
Жылдамдықты 40 км/сағаттан арттыру
30
68 070
Қиылыстарды, жүргінші жолақтарын, жол өткелдерінен өту
Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамау
10
22 690
Көлік кептелісі кезінде жаяу жүргінші жолағына түсу, қиылысқа тұру
10
22 690
Жаяу жүргіншіге жол бермеу
10
22 690
Қиылыстан өтерде басым құқығы бар көлікке жол бермеу
15
34 035
Теміржол шлагбаумы жабық тұрғанда, шлагбаум жабылайын деп қалғанда ескерту белгісіне қарамастан өту
10
22 690
Белгі беру
Жүрейін деп тұрғанда, тоқтағанда, бұрылғанда белгі бермеу
5
11 345
Тыйым салынған жолдарда бұрылу, артқа жүру
10
22 690
Басым құқығы бар көлікке жол бермеу
15
34 035
Жүргінші жолағындағы қозғалыс
Жаяу жүргінші жолағындағы, тротуарлардағы, жол жиегіндегі қозғалыс
15
34 035
Қарсы бағытқа шығу
1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Тоқтау, көлікті қою
Тротурарда, балалардың ойын алаңында, арнайы көліктердің орнына көлікті қою
15
34 035
Көлікті жол қозғалысына кедергі келтіретін жерге қою
20
45 380
Мүгедектерге арналған көлік тұрағына көлік қою
50
113 450
Ішкі істер органы қызметкерлерінің бұйрығын орындамау
Көлікті тоқтатуға байланысты
1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Ішімдік, есірткі қабылдамағаны жөнінде тексерістен өтуге байланысты
2 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Ішімдік ішу
Көлікті мас күйінде басқару немесе оны ішімдік ішкен адамға басқаруға беру
3 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Мас күйінде апаттық жағдай туғыза жаздау
4 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Мас күйінде жол-көлік оқиғасына, жол апатына себепкер болу
5 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың көлікті басқаруы
20 тәулікке әкімшілік арест
Жоғарыдағы ережелерді аяғы ауыр келіншектер мен зейнеткерлер сынды әкімшілік арест қолданылмайтын азаматтар бұзған кезде
200
453 800
Жалпы міндеттер
Жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліктің жүргізушімен болмауы
5
11 345
Міндетті сақтандыру келісім-шартына қол қоюдан бұлтару
20
45 380
Көлік категориясын басқаруға рұқсат беретін жүргізуші куәлігінің болмау
15
34 035
Жүргізуші куәлігінен айырылған адамның көлік жүргізуі
10
22 690
Экплуатация ережесі
Мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеу
5
11 345
Көлік құралындағы ластану деңгейі немесе дауысы бекітілген нормадан асып кетуі
2
4 538
Мемлекеттік ережеде бекітілген нөмірлерге сәйкес келмейтін нөмірлі көлікті басқару
5
11 345
Мемлекеттік нөмірсіз немесе тіркелмеген нөмірсіз көлікті басқару
10
22 690
Көлікке жалған нөмір орнату
201 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
45 380
Тормозы істен шыққан немесе рөлі басқарылмайтын көлікпен жүру
15
34 035
Арнайы рұқсатсыз жинақталған көлік
15
34 035
Көліктің алдыңғы жағына қызыл түсті жарық орнату, жарықты қайтаратын қызыл түсті құралдар орнату
15
34 035
Көлікке арнайы рұқсатсыз жарықтық белгілер мен дыбыстық белгілер қою (қауіпсіздіктің дыбыстық белгісі кірмейді)
25
56 725
Көліктің түсін арнайы қызметтік көліктермен бірдей қылып бояу
25
56 725
Апаттық жағдай және жол-көлік оқиғасы
Басқа көліктердің жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуіне әкеліп, жол-көлік оқиғасына себепкер болу
10
22 690
Жол ережесін бұзу салдарынан өзге көліктерге, жолға, жол белгілеріне өзге де мүліктерге материалдық зиян тигізу
109 айға жүргізуші куәлігінен айыру
22 690
Адамның денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтіру
151 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
34 035
Жүргізуші куәлігінсіз адамның жол-көлік оқиғасына себепкер болуы
20
45 380
Өзге де ережелер
Қоғамдық көлік аялдамаларына қатысты ережелерді сақтамау, түнгі уақытта жарықты қоспау, белдік тақпау, тұрғын үйлер арасындағы қозғалыс ережесін бұзу, телефонмен сөйлесу, т.б.
5
11 345
Дереккөз: Szh.kz
4265
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.