©
Табиғат ананың түлеу сыйлап, тіршілікке өң беретін көктемінде еліміздің батыс аймағы соның ішінде маңғыстаулықтар Амал (көрісу мейрамын) ерекше атап өтеді. Отпан тауда елдің отын сөндірмес ниетпен от жағып, ауыл қазан көтерсе, әр отбасында ұлттық ұлық бар жазылмаған заңдылық көрістің өз әдептері мен жоралғылары жасалып жатады. Міндетті түрде ерте тұрған үй келіні бұл күні түндікті ерте ашып қана қоймай, дастархан жаяды, қазан көтереді. Біз «бір матаны беріп, бір матаны» алып деп реніш білдіріп жататын сыйлық алмастыру дәстүрі де осы мейрам аясында қыза түседі. Негізінен көңілді көп қасиеттен жоғары қойған қазақ ретінде көрісте сыйласына сын арытпай, сый жасалады. Оның өзі тек кешірім мен мейрімі емес, көңілден көңілдің су ішуі деп түсінеді. Сондай жылылық пен ізгілікке толы Амал мерекесін Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылы жылда ерекше атап өтеді. Ауыл ішіндегі көше тұрғындары ертемен көрісіп, өнерлерін ортаға салып, көже ішкізіп, салт пен дәстүрді үзбеуді мақсат еткен байқаулар мен түрлі қойылымдар қойып жарысты. Биыл қызылөзендіктер үшін Амал жақсы жаңалығын алып келді. Жүз алпыстан аса түтіні бар шағын ауыл табиғаты көзге көрік берер қойнауда орналасқан әдемі мекен. Сол мекенде бұрын –соңды жастарға арналған алаң да, мекрелік, көпшілік шаралар үшін арнайы орын да болмаған. Дәл осы олқылықтардың орнын толтырған Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы аясында жазғы жағажай жобасын жүзеге асырған Түпқараған ауданы әкімім мен «Түпқараған жастары» қоғамдық бірлестігі халық игілігіне тарту етті. Салтанатты рәсімде ауыл ақсақалдары мен ауыл аналары,жастар мен мектеп оқушылары алаңды қызықтап, жазды асыға күтетінін жеткізді. Қызылөзен ауылынан өзге ауылдарда тұрмақ, аудан орталығы Форт-Шевченко қаласынынң өзінде жоқ жағажай алаңы көпшіліктің қуана күткен жобасы. Әсіресе, бала жетектеген ана да, ойын десе бәрін ұмытар бала да жаз болса осы жерден табылары анық. - Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының әлеуметтік тапсырысы негізінде «Түпқараған жастары» Қоғамдық Бірлестігінің «Қызылөзен ауылының теңіз жағалауындағы аумақты аббаттандыру» жобасы өткен жылдың ортасында мақұлданған болатын. Жоба бойынша Қызылөзен ауылының теңіз жағалауындағы арнайы 0,28 га жер телімінің құжаттары рәсімделіп, құрылыс жұмыстары жүргізілмес бұрын ауыл тұрғындарына жоба таныстырылымын өткіздік. 22 млн 580 400 теңге қаражатты құрайтын жобаның жұмыстарына – аумаққа жарақат алуға жол бермейтін брусчатка төсеу және демалыс алаңын қоршау, демалыс орындықтары мен жағажайда күннен көлеңкелейтін зонттар мен қоқыс жәшіктері, киінетін орын салынды. Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай аумақ жұмысы спорттық алаң, сахна, балалар ойын алаңы ретінде үш бөліктен тұрады. Біздің аудан әкімімен бірлесе отыра, БҰҰ даму бағдарламасы аясында жасаған жобамыз ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға ықпал ететіне сенемін,- дейді жобаны жүргізген Наурызбек Мағдатов.Милана ЕЛЕУСІНОВА Суретті түсірген автор