Атырау қаласында қазақ күресінен екінші республикалық турнир өтті. Аталмыш жарыстан Ақтау қаласының Шоғы батыр атындағы спорт кешенінің 2004-2005 жылы туған кіші жасөспірімдері жүлделі орындармен оралды.
Жарысқа республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 150-ге жуық балуан қатысты. Олардың арасынан 46 келі салмақта маңғыстаулық балуан Дәулет Бисенкулы мен +50 келі салмақта Қанат Кұлбергенов күміс жүлдені иеленіп, бапкерлер үмітін ақтады. Одан бөлек, 26 келі салмақта Досан Тайшыбек пен 38 келі салмақта Сайлау Сырлыбай мінбе төрінен көрініп, қоланы қанағат тұтты.
Венера МИРЛАН