Маңғыстау облысында «Жасарт» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен «Патриот бол» атты амфитеатр сахнасында гала-концерт өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Мерекелік іс-шараның шымылдығын Маңғыстау өнер колледжінің студенттері, «ЖасАРТ» жастар театры және «ТеАРТ» студиясы ашты. Іс-шара барасында көрермендерге викториналық сұрақтар қойып, сыйлықтар берілді. Кештің басты қонағы - «Qazaqsha Therapy» ұжымы. Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрының режиссері Әлия Исаева мерекемен барша халықты құттықтады.
- Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Жасарт» жеке меншік мекемесі патриоттық іс-шара өткізу бойынша грант иегері атанған еді Отансүйгіштік пен ұлттық рухты дәріптеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту мақсатында «Патриот бол» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл жоба аясында біз бірнеше міндеттерді атқардық. «Патриот бол» жобасын қорытындылау мақсатында Республика күніне орай ашық аспан астында гала концерт ұйымдастырдық,-деді Әлия Исаева.
Мерекелік концертті үш мыңға жуық қала тұрғыны тамашалады.