"Синий кит", "Разбуди меня в 4,20", "Тихий дом", "Умри или беги" - бұл ойын түрлері қазір әлеуметтік парақшаларда кеңінен танымал. Суицидке итермелейтін ойын алдымен Ресейге, Қырғызстанға тараған. Енді міне, елімізге де келді. Мұның салдарынан Ресейде 100-ден аса жасөсіпірім өз-өздеріне қол жұмсаған. Абырой болғанда, Қазақстанда мұндай жағдай тіркелмепті. Десекте, "Көк кит" ойынын қазақстандық оқушылар да қызықтапты.
"Көк киттен" хабарлама алғандардың бірі- біздің кейіпкеріміз. Қорқып қалған оқушы өзін көрсетпеуді өтінді. Бұл ойынға сілтемемен кірген. Қауіпті екенін білсе де қызығушылығы басым болды. Өйткені, достары да осы ойын туралы жиі айтатын.
Желі қолданушы:
13 жастағы кейіпкеріміз әріге бармаған. Ата-анасы оны дер кезінде тоқтатыпты. "Көк кит" деген қандай ойын? 50 тапсырмадан тұратын ойын талабы бойынша бала 50 күн ұйықтамайды. Жүйкесі жұқарады, әлемжелідегі жетекшіге тәуелді болады. Виртуалды бұйрыққа бағынып, ең соңында өзін өлтіру қажет. Болмаса, "ата-анаңды өлтіреміз" деген хабарлама келеді екен. Қазір ұялы байланыс арқылы Жаңаөзен қаласының тұрғынына келді деген хабарлама тарап кетті. Құзырлы орган оның жалған ақпарат екенін анықтады. Десе де ата-аналар балалары үшін алаң.
Ата-ана:
Ғаламторға байланған балаларға бақылауды күшейту қажет. Әсіресе, "в Контакте" желісіндегі парақшаны әр ата-ана қадағалауы шарт. Осы мақсатта бүгін облыс, қала мектептерінің басшылары шұғыл жиын өткізді. Алаңдайтын негіз бар. Өйткені, қала мектептерінде "Көк Кит" ойынына қызығушылық танытқандар болыпты.
Гүлмира Исмаилова - Ақтау қалалық білім бөлімі тәрбие секторының меңгерушісі:
Қазір ондай фактілер тіркелген жоқ.
Жасөспірімдер қазір еліктегіш келеді. Сондықтан оларды кез-келген іске итермелеу қиын емес,- дейді мамандар. Күні кеше ғаламтор арқылы балаларды суицидке шақырған "Көк киттің" топ жетекшісі Филипп Будейкин құрықталды. Ресейлік телеарналар тергеу амалдарының басталғанын айтады. Бұл қауіп сейілді деген сөз емес. Сондықтан балалардың ойнап отырып, от баспауын қадағалаған жөн.
«Қазақстан-Ақтау» телеарнасына пікір білдірген оқушы Болат та ойынға қатысқанын мойындап отыр:
Болат, оқушы:
- Мен бұл ойын туралы естіген соң. Ойнап көру туралы ойландым. Сосын өз парақшама синий кит, я в игре деп жаздым. Бірден жауап болмады. Ойынға досым арқылы келдім. Мен оларға қолымды тіліп фотосын жолдадым. Бұл сынақ тапсырма болатын. Бірақ ,келесі күні мектепте менің қолымды көрген достарым, ұстаздарыма айттым. Сол сәтте бастап мен ойыннан шықтым. Қазір ол топтарда жоқпын.
Бұдан бөлек, 20-дан астам Маңғыстауда мектеп оқушысына «Ойынға қосыл» деген хабарлама келген деседі. Көршілес елден бастау алған бұл дертті таратушылар көбіне орыс тілін түсінетін, яғни қаладағы балаларды тұтқыны қылып алуда.
Дереккөз: Mangystautv.kz