Жақында ғана Елбасымыз «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты өз жолдауын Халыққа Жолдаған болатын. Осы кезде 2017 жыл еліміз үшін аса табысты болатынын, жыл басынан бастап Қазақ елі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болғанын, ал Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатқанын және жаз мезгілінде Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Азия елдерінің арасында алғаш болып өткізілгелі отырған шара екенін айтып өтті.
Бұл еліміздің Халықаралық беделінің өсуі мен еңбек өнімділігінің артуына көп себеп болып отыр. Тіпті төртінші өнеркәсіптік революциясы деп автоматтандыру, роботтандыру бойынша басты шараларды іске асырамыз деген. Елімізде экспорт саясатын жетілдіру, экспорт жөнінде кеңес құру мәселелерінде айтқан. Ауылшаруашылық секторына да көп көңіл бөлген. Таза тағамдардан «Қазақстанда жасалған» деген брендтер эталонын қолға алу да назардан тыс қалмапты. Фермерлер, кооперативтерді көбейтіп, адамдарды жұмысқа тарту керектігін, 500 мыңнан аса жеке шаруашылықтарды біріктіріп, жұмыс көзін ашу қажеттігі туралы оң пікірлер келтірген. Жолдауда Құрық портын ұлғайту, екінші кезең автожол өткелі құрылысын салуды да атап көрсеткен және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша алдағы 10-15 жылда 1,5 млн отбасын тұрғын үймен қамтуда жоспарын да ұсынды. «Даму» акционерлік қоғамы арқылы жеке тұрғын үй құрылысын салуға субсидия беру, банкке несиені арзандату жөнінде тың тапсырма беріп, әкімдерге жаппай тұрғын үй салуға жер бөлуді де тапсырды. Азаматтарға аудан былай қалада да, далада да өз бизнесін жүргізуге 16 млн теңге шағын несие ала алады деп көрсеткен. Бұл кәсібін жүргізгісі келген азаматтарға үлкен мүмкіндік. Мемлекеттік қызметті барынша оңтайландыру. Бұл жұмыста адамды баруын керек етпейтін электронды форматқа өткізуге көшу. Адам капиталын сапалы ету. Ол үшін қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты жою айтылған. Бұл енді өз ана тілін білмейтіндер мен үйренгісі келмейтіндерге мемлекеттік тілді үйренуі керек екенін есіне салғаны деп түсінеміз. Тегін кәсіптік-техникалық білім беру басталғанын айтқан. Бқл енді құптарлық жай. Жұмысшы білім бар кадр елімізді жан-жақты дамытуға күшті ықпал етеді жіне жұмыс жасайды. Біз сияқты зейнеткерлерге дәрі-дәрмек бағасын заңмен реттеуге кірісу керек деп өте орынды көрсеткен. Зейнетақы жүйесінде жаңа үлгіде тағайындауды атап көрсеткен. Бұл жағдайда зейнетақы 2018 жылы 2017 жылға қарағанда 1,8 есе артық болады деп, бұл дегеніңіз зейнеткерлерге үлкен көмек болғалы тұр. Жолдауда ел тыныштығы, субсидиялардың адал қызметі ел сенімінен шығу, терроризмге қарсы күрес, оған қарсы күресті күшейту, халық арасында насихат жұмысын жетілдіру секілді бағыттарда көп мәселелер қозғалған. Сыбайлас жемқорларға қарсы күрес, оны жою жолдары да айтылған. Тіпті бұл шаруаға қалың халықты, зейнеткерлерді араластырса, сыбайластықты жоюға көп мүмкіндік болар еді. Жалпы Елбасы Жолдауы өте маңызды, халық үшін өте керекті құжат деп білемін.
Қаржау Төлеуұлы, Еңбек ардагері, Қызылтөбе ауылының тұрғыны