Кеше Мұнайлы аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Елбасы Н.Назарбаевтың Үндеуі және Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы талқыланып, аудан деңгейінде өтетін жоспарлар белгіленді.
Жиынға аудан әкімі Н.Тәжібаев, орынбасарлары, мекеме басшылары, халық қалаулылары, қоғамдық кеңес мүшелері мен «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының барлық бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері қатысты.
─ Мен Жолдау аясындағы іс-шаралардың орындалуын идеологиялық қамтамасыз етуге, оның ішінде ақпараттық-насихаттауға ерекше назар аударғым келеді. Білім ордаларында, мәдени ошақтарда, өнеркәсіп орындарында, кәсіпкерлер арасында насихаттық жұмыстарды кең көлемде ұйымдастыру қажет. Осы бағытта ел ағаларын, мәслихат депутаттарын, жалпы барлық қоғам мүшелерін атсалысуға шақырамын, - деген Н.Тәжібаев орынбасары Б.Біләловке және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Сахиповке арнайы жоспар кесте жасақтауды тапсырды.
Жиын барысында Қ.Сахипов, аудандық мәслихат депутаты Г.Қонысбаева және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Т. Әміров сөз сөйлеп, жүктелген тапсырмаларды бірлесе, абыроймен атқару міндет екендігін айтты. Ақпараттық насихаттауға арналған 5 топ құрылып, олар аудан аумағының барлық жерінде кездесулер ұйымдастыратын болды.
Әсел ТАҢАТАРОВА
Теміржолға қатысты тұстары да бар
2017 жылдың 30 қаңтарында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі жолдауында әлемдегі төртінші өнеркәсіптік револцияның басталғанын айта келіп, Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндеттер қойды.
Жолдауда айтылған міндеттердің теміржол саласына тікелей қатысты тұстары да баршылық. Н.Назарбаев Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Цифрлық индустрияны дамыту теміржол саласына да айтарлықтай серпін берері хақ. Қазіргі таңда темір жол саласында қолданылатын көптеген құрал-жабдықтар мен аспаптар ескі тәсілмен іске қосылады. Жаһандану дәуірінде мұндай кемшіліктердің әлі күнге дейін орын алуы қай салада болмасын бар екені даусыз. Егер де Қазақстанда Елбасы айтқандай «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы әзірленіп, қабылданатын болса көптеген мәселелер шешілер еді. Жаңа технологиялармен жұмыс жасау теміржолшылар үшін де тиімді болмақ.
Аталған жолдаудың бесінші басымдылығы - Жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту. Яғни, транзиттік тасымал көлемін ұлғайту арқылы ел эконоимикасына сүбелі үлес қосу.
─ Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл бөлу қажет. Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Құрық портын салудың екінші кезеңі-автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет» - деген Н.Назарбаев осы Жолдау арқылы елдің ертеңге деген сенімі мен ел азаматтарының болашақтағы мақсатын тағы бір айқындап берді.
Маңғыстау теміржолшылары Елбасының Жолдауын бірауыздан қолдап, келешекке нық сеніммен қарайды.
Б.Дюсалиев,
Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Маңғыстау бөлімшесі бойынш аймақтық бас ревизоры.
Мемлекет және ұрпақ болашағы үшін
Елбасы Жолдауынан алған әсеріміз мол. Әр Жолдаудың өзіндік ерекшелігі бар. Мұндағы мақсат – Қазақстан Тәуелсіздігін одан әрі нығайту. Елдің дамуына, өңірлердің өркендеуіне, аудандар мен ауылдардың жағдайы жақсаруына үлкен серпіліс беретіні байқалып тұр.
Жолдауда:«Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ. Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет. Осы шараның бәрі менің тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған» - делінген.
Бұл жаңғыру қазіргі жаһандақ сын-қатерлер мен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі. Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын.
Президент Н.Назарбаев жоғарыдағы бес басымдықты жеке-жеке кеңінен түсіндіріп, осы Жолдауы арқылы еліміздің әр азаматын жаңа жағдайды даму бағытымыз жөніндегі өз көзқарасымды жеткізгім келеді деп айтты. Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ,- деп тағы да нықтап айтты.
Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Біз тәуелсіз Қазақстанның 25-жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25-жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр. Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де оларды еңсере салатынымызға сенімдімін деп айтты.
Біздің басты күшіміз – бірлікте. Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін, бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз деп айтты. Бұл – тікелей мемлекеттің және ұрпақтың болашағын ойлағаннан жасалған қадам. Жолдаудағы «Үшінші жаңғырту» міндетән жүзеге асыруда табыс тілеймін. Енді ардагерлеріміз оқып, біліп қана қоймай халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізуге тікелей парызы деп есептеймін.
Қыдырбай Жұпбанов, Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі