Жалындап өткен жас ғұмырында ұрпақтары үшін өшпес өнеге, із қалдырып, елім деп өткен ерен тұлға Жалау Мыңбайұлы қазақтың маңдайына біткен біртуар азамат. Қара бұлттай түнеріп, талай асылдардың түбіне жеткен Сталиннің тоталитарлық жүйесі мен кең көйлекті кеңес үкіметінің солақай саясатына қаймықпай қарсы тұрған Жалау Мыңбайұлы туралы қазіргі күні көп айтылып жүр.
1892 жылы қазіргі Маңғыстау облысы Форт-Чевченко қаласында туып, қарапайым арбакеш болып Қазақстан Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметіне дейін көтерілген есіл ердің қилы тағдыры мен көзсіз ерліктері жастарға үлгі-өнеге болуы тиіс деп ойлаймыз.
28 қаңтар күні Маңғыстау облыстық «Ақ жол-жастар» жастар қанатының Алматы қаласы бойынша өкілі Исамбаев Бақдәулет Асанұлы Алматы қаласының студент жастарымен Алаш ардақтысы, мемлекет қайраткері , публицист, Қазақстан Орталық атқару комитетінің төрағасы болған Жалау Мыңбайұлының зиратына барды.
Алматы қаласында орналасқан Қазақстан-Ресей медициналық университеті, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері универсиеті, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің жастары барған Жалау мыңбайұлының зиратында Маңғыстау облыстық «Ақ жол-жастар» жастар қанатының Алматы қаласы бойынша өкілі Исамбаев Бақдәулет Жалау Мыңбайұлы туралы жастарға кеңінен толғап, атқарған қызметі мен саналы ғұмыры хақында айтып өтті. Сонымен бірге Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті Айгерім Ержанқызы жастардың Жалау Мыңбайұлы турасында ойын білдіріп, Алаш арыстарының оның ішінде ел мүддесін көксеген Жалау Мыңбайұлының өмір тарихы болашаққа ұрпаққа жеткізу парыз екендігін атап өтті. Шара соңында жастар Жалау Мыңбайұы рухына құран оқып, естелік суретке түсті.
«Бізді ұлтшыл қылған нəрсе - біздің кемдікте, қорлықта жүргеніміз, көргеннен соққы жегеніміз» - деп Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан айтқандай езгіде жүрген халқының қамын ойлап, қыл үстінде жүрсе де ұлтына ұлылық көрсетіп, қолдан келер көмегін аямаған Жалау Мыңбайұлы 1929 жылы қазіргі Алматы облысы, Алматы қаласында ауыр науқастан көз жұмды. Ол Алматы қаласындағы Райымбек даңғылының бойындағы №1 зиратында жерленген.
Қадірлі Алаш жұрты!!!
Алаш ардақтысы, мемлекет қайраткері , публицист, Қазақстан Орталық атқару комитетінің төрағасы болған Жалау Мыңбайұлының зиратына барып, Құран бағыштау ниетіңіз болса Маңғыстау облыстық «Ақ жол-жастар» жастар қанатының Алматы қаласы бойынша өкілі Исамбаев Бақдәулет Асанұлына хабарлассаңыз болады.
Байланыс телефоны: +77083621998
Исамбаев Бақдәулет Асанұлы
Маңғыстау облыстық «Ақ жол-жастар» жастар қанатының баспасөз қызметі