©
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің 31 қаңтардағы жұмыс күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Қазақстан халқына арналған Жолдауын ұжымдық танысу мен пікір алмасу отырысынан басталды.
Атап айтқанда, Жолдауда айтылған республикалық бюджеттің 40 пайыздан астамын құрайтын Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктеріне бөлген қаржының, мемлекеттік органдар және қызметкерлер алдына қойылып отырған жауапкершіліктің одан әрі арттырылуы және бөлінген қаржыға жауап берілу талаптарын қорытындылау кезеңінің келгенін көрудеміз. Сондай-ақ қорытындысын Елбасының өз қадағалауына алуы, әлеуметтік саланың үнемі бақылауда екені және нәтижеге қарай сұраныс болатындығы айқын бекітілген.
Елімізде қазақ тілінің басымдығының сақталуы, әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінуі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде де жалғасып жатыр. Бүгінгі күнде департамент құжаттарының толықтай мемлекеттік тілге өткізілгендігі бұған дәлел.
Жаңа технология, жаңа прогресстерге жету үшін де департамент қызметкерлері арасында ағылшын тілін меңгерген мамандар қызмет етуде. Әрине, әрбір мақсатқа жетем деген азамат ағылшын тілін меңгеріп, еліміз жарқын жаңалықтарға қол жеткізсе, әсіресе медицина саласындағы дамыған елдердің жаңа жетістіктері еліміз үшін ұлттық прогресске қол жеткізу деп түсінеміз.
Бүгінгі таңда цифрлық технологияны қолдану—заман талабы. Өңіріміздің көптеген медциналық мекемелерінде жаңа цифрлық технология қолдану арқылы аурулардың алдын алуға және емдеу кезінде көптеген оң нәтижелерге қол жетуде.
Биылғы 1-шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайтындығы және медицина қызметкерлері үшін үлкен жауапкершілік алдында тұрғанымыз нақты айтылып, осы бағытта жұмыстың жүргізілетіндігін департамент қызметкерлері дұрыс түсінуде. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылып, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетілетіндігі бекітілген. Бүгінгі күнде облыс қөлемінде кең деңгейде халық арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Елбасы Жолдауында айтылған заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді енгізу қажеттігі департамент қызметкерлері арасында үлкен әсерлі пікір туғызып, бір ауыздан қолдады. Бұл мәселе халық арасында да қолдау табады деп сенеміз. Себебі аталмыш мәселе біраз уақыттан бері шешімін таба алмай келе жатқан түйткілдердің бірі екендігі белгілі.
Елдеш ҚОСМАҒАНБЕТОВ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы.