©
Елімізде Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы сот шешімімен келіскен ұйым төрайымы Лариса Харькова мәлім етті. Сонымен қатар, Лариса Харькова алдағы уақытта кемшіліктерді ескере отырып, басқа ұйым құратынын айтты.
Төменгі сілтемеге өтсеңіз видеосы көрсетіледі:
http://mangystautv.kz/kz/news/society/teuelsiz-kesipodak-zhumysy-toktady
Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы 2016 жылдың ақпан айында тіркелген. Заң талабы бойынша 6 айда Қазақстанның 9 өңірінде бөлімшелер ашуға тиіс болатын. Алайда, кәсіподақ қажетті жақтастарын жинай алмады. Соған қарамастан, Әділет министрлігі 2016 жылдың соңына дейін қосымша уақыт берді. Кәсіподақ мүшелері оны да орындай алмады. Сондықтан, Әділет органы Тәуелсіз кәсіподақтың жұмысын тоқтату жөнінде сотқа талап арыз беріп, кәсіподақтың жұмысы заңды түрде тоқтатылды. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында ұйым жетекшісі Маңғыстауда жарияланған аштық акциясына еш қатысы жоқ екенінде мәлімдеді.
Лариса Харькова - Қазақстан тәуелсіз кәсіподақ конфедерациясының бұрыңғы төрайымы
«Қазіргі таңда, Ақтау қаласында «Oil Construction Company» ЖШС кәсіподақ өкілі Әмин Елеусінов менің бірнеше рет айтқан өтінішіме құлақ аспай, керісінше, осы компанияның жұмысшыларын аштық жариялауға үгіттеп жатыр. Тағы да ресми түрде айтамын, «Oil Construction Company» ЖШС жұмысшылары аштық жариялайтындықтарын менімен келіспеген, қандай да бір қарсылық акциясын өткізу жөнінде мен ешкімге, нақты айтқанда, Елеусінов пен Құшақбаевқа нұсқау берген жоқпын. Мен керісінше, «Oil Construction Company» ЖШС жұмысшыларын арандатушылыққа ермей, аштық жариялағандарын тоқтатуға шақырамын.
Дереккөз: Mangystautv.kz