Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жаңа заман кезеңі» (XV-XIXғғ. Маңғыстау тарихы) және көрме залдарының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына жиналған қауым алдында мұражай директоры Тамара Жұмалиева құттықтау сөз сөйледі.
XV-XIXғғ. Маңғыстау тарихынан сыр шертетін «Жаңа заман кезеңі» экспозиция залын мұражайдың бұрынғы қызметкері Төлеп Қощанов мен мәдениет саласының ардагері Франгиза Кисайқызы ашты.
«Қазіргі Қазақстан» - көрме залының лентасын қию құрметіне № 2201 әскери бөлімінің капитаны І дәрежелі капитан Т. Төребаев пен тәуелсіздік құрдасы, мұражай қызметкері Жанар Әбенова ие болды.
Жиынға ардагерлер, мектеп оқушылары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Үміт ЖӘЛЕКЕ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН