Менің Қазақстанымның аспаны көк
[ 2016 ] 30 қараша, 13:01 | Жаңалықтар
Менің Қазақстанымның аспаны көк Көк тәңірінің құдіретінен жаралған, Көк күмбезінде,көк байрақ тіккен қазағым- Көкбөрі текті, түбім түркіден таралған... Мәңгі жасаудың нышаны болса көк түстер Көк байрақты елім – Мәңгілік ел боп саналған! Бөрілі байрағым аспанмен тұрсын, астасып, Мәңгілік елімді сақтасын, ием назардан! Менің Қазақстанымның аспаны ашық Еркіндік қыраны самғаған. Ұлы даламның ұл – қызы берен, Ұлтымның рухы маздаған. Ұлан байтақ ел – Тәуелсіз Қазақстанның Ұлы жеңісін ұзақ күтсе де, Көре алмай кетті–ау , Әз – бабам! Менің Қазақстанымның аспаны биік, Күні күліп тұр , алтыннан. Сарарқа тола сап – сары бидай алтын дән. Батысы – байлық, мұнайдан теңіз шалқыған, Досың сүйініп , дұшпан күйсін, даңқыңнан, Ұлық ұл туған, Елбасы сынды нартұлға, Айналып кетейін, қазақтай ұлы халқымнан! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, тәу етер, Садағаң кетейін, сарбазың болып, нар туған!
Шынар КЕНДІН
1296
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.