• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Жасампаз тарихтың жаңа тынысы басталды

[ 2016 ] 12 желтоқсан, 10:02  |  Жаңалықтар

©

Өңірлік журналистердің "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның тыныс-тіршілігімен танысу сапары — мұнайшылардың əлеуметтік жағдайын көтеруге арналған жобалардың орындалу барысынан басталды. Алғаш салынғаннан бергі 15 жылда жөндеу көрмей жұпыны тартқан  Кендірлідегі мұнайшылар мен олардың отбасына арналған 150 орындық демалыс орны  бүгінде жаңарып, іргесін кеңейтіпті.10 коттедж үй толық күрделі жөндеуден өтікен. Ішіне кірсең, шыққысыз, жайнап тұр. Ал, жұмысшыларға арналып салынған 40 орындық жатақханада  барлық жағдай жасалған, жылы да жайлы екен. Осында тұрып жұмыс жасайтын машинистпін, — деп, өзін таныстырған Берік Дәулетов жатақханадағы жасалған жағдайдың жақсылығын айтып, ризашылығын білдіріп жатыр. Ал, «Өзенмұнайгаз» АҚ құрылыс департаментінің инженері Мирас Көбей осы аумақта атқарылып жатқан жұмстарды егжей-тегжейлі танысттырды.

Демалыс орнын кеңейту мақсатында қосымша 100 орындық демалыс ғимараты мен 50 орындық асхана құрылысы жүріліп жатыр екен. Құрылыс демекші, цементтен мығым құйылған тағанға салынып жатқан құрылыс кəдімгі ұлутас емес. Заманауи жиналмалы материалдан салынған көшпелі құрылыс.

— Қазір жылу жүйелерін тартуға оншақты адам жұмыс жасап жатыр. Əуелде құрылыс жұмыстарында 35 адам болған. Алдағы жылдың наурыз айына дейін құрылысты аяқтап, тапсырамыз, — дейді, мердігер мекеменің ағаш шебері.

Əріректе қаз-қатар бой түзеген ғимараттарды мұнайшылардың балалары демалатын жазғы лагерь, — деп таныстырды құрылысшылар. Бақ өкілдерін бастағандар жағажайға бет алды. Онда қала халқы мен мұнайшыларға жəне басқа да демалушыларға арналған  ақысыз жағажай салынып  жатыр.

Осы аумақта 2011  жылы салынған 100 орындық «Медикер» емдеу-сауықтыру орны бар екен.

Жасалған жағдайы  жанға жайлы, əрі демалып əрі емделетін орында  жұмыс жасайтын 35 қызметкердің 15-і жоғарғы маманды дәрігер. Онда балшықпен, сүлікпен жəне сумен емдеу бөлмелері бар. Əртүрі массаж кабинеттері де қажетті құралдармен жабдықталған.

— Емдік балшықты сонау Павлодар облысының «Мойылды» шипажайынан тонналап, ал сүлікті Шымкенттен  тасымалдап алдырамыз, — дейді, Балбибі есімді мейірбике.

Кендірлінің келбеті көркейіп, қосымша ғимараттар бой көтерген. Жалпы демалыс орны кешенінің аумағы абаттандырылған. Сонау Ресейден алдырған шыршалар мен тал теректер сəн түзеп, тасылып алынған құнарлы қара топырақтың беті көгалданыпты. Жағажайы жақын жəне шомылуға жайлы демалыс орнының ауасы таза. Кеңейген, көркейген Кендірлі көргенде, қолда бардың қадірін біле бермейтінімізді көкейге түйдік...

Түс əлетінде Жаңаөзеннің жақын маңайына орналасқан өндірістік орындарға жеттік. Алғашқы нысан - Жер асты жабдықтарын жөндеу жəне диагностикалау орталығы болды. Біз тереңнен мұнай тартып, шоқаңдап тұратын қондырғыны ғана көріп жүр екенбіз-ау. Қондырғының нақты қажет жабдықтары саналатын құбыр сораптары мен сорап шыбығы т.б жабдықтардың жер астын бойлап 500-ден 1500 метр тіпті одан да ұзақ тереңдікте қызмет атқаратынын мұнайшылар болмаса, былайғы жұрт біле бермейді. Ал сол жерасты жабдықтары сынып, істен шықса тереңдікті қазып сынған жабдықты ауыстырып жаңасын салатын бейнеті көп жұмысты жеңілдететін жəне сынған сайманды жөндеп, жуып, өңдеп қайтадан пайдаға жаратып, өндіріс шығынын үнемдеу қызметі осы жерде жүзеге асады. Мұнда  жұмыс жасайтындар қатарында  əйелдер қауымы да бар. Ауыр автокөлікпен əкеліп түсірген ескі жабдықтарды  жуып, жөндейтін  5 мың тонналық қуаты бар цехтың қапталында одан екі есе қуатты тереңдік сораптар, сораптық-компрессорлық құбырлар мен шыбықтарды жуып  өндіріске даярлайтын ванна салынып жатыр. Ендігі жабдықтар машинамен емес арнайы алып арбалармен келетіндей етіп цех ішіне рельс орнатылған. Орталықтың дəл қасында жұмыс басындағыларға арналған демалып, тамақтанатын, жуынатын, киімдерін ауыстырып, тоңса жылынатын бөлмелері бар 75 орындық  ғимарат салынуда. Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Мұнайшылардың əлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуге, михнаты көп еңбекті жеңілдетуге арналған цехта жұмыстың көбі автоматты тетік арқылы жүзеге асып жатыр. Замана технологиясының ең озық үлгілері енгізілгені көрініп тұр.

Бір кездегі мұнайшы əкелер жаздың ыстығы мен қыстың суығында далада жүріп мұншама ауыр еңбекті қолмен атқарғаны еріксіз ойға оралады екен...

Бұдан соң кен орындарының ішкі жолдарын жөндеу, жаңартып  ұлғайту барысында жасалған жұмыстармен де таныстық. Жол демекші, «Жаңазен-Құланды» тас жолының бойына тоқтадық. Бұрын екі көлік қатар жүре алмайтын тар жол еді, ені кеңейтіліп жаңадан салынған. Даңғыл жолда жүйткіген ауыр, жеңіл көліктерде дамыл жоқ.

Айта кетейік, "Өзенмұнайгаз" АҚ  жергілікті өңірде əлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында, Жаңаөзен қаласына 750 млн, Қарақия ауданына 150 млн теңге көлемінде қаржы бөлген. Қаржылық қолдаудың  арқасында жүзеге асырылған игі істердің қатарында, осы жолдан басқа «Шаңырақ», «Мұнайлы», «Бостандық» шағын аудандары асфальтталып, абаттандырылыпты. Құрық, Жетібай, Мұнайшы ауылдарының автожолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге Компания тарапынан қаражат бөлінгенін айтты, «Өзенмұнайгаз» АҚ жұртшылықпен байланыс департаменті директорының орынбасары Мұхамбетберді Сүйітов. Сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» АҚ Жаңаөзен қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін 2015-2016 жылдары 400 миллион теңге қаржылай көмек көрсеткен.

Өндірісті өлкенің өзгерген нысандарының бірі — мұнай өнеркәсібі құралдарын және технологияляқ коммуникацияларды жөндеу орталығы екен.  Таяу шет елде теңдесі жоқ технологиямен қамтылған жөндеу орны бір жағынан мұнай жабдықтарының орталық базасына ұқсайды. Кен орындарының бұрынғы ескі цехтарының бəрі осы орталыққа көшіріліп бір жерге шоғырланбақ. Нысан алдағы жаңа жылдың бастапқы жартыжылдығында пайдаға берілетінін айтты, сапаны бақылау бөлімінің басшысы Рафаэль Хамидуллин. Өзенмұнайгаздың өзгерген келбетін толық көруге бір күн аздық еткен сияқты. Қас қарайып кетті... Замана көші мен толайым табыстар ескіні жаңартып, қиындықты жеңілдеткенімен, Өзенмұнайгаз өткен тарихты ұмыт қалдырмапты. Өзеннің Өзен болып аталу тарихына себепші болған іргелі кен орнының алғашқы мұнай бұрқағы атқылаған арда мекенде, дәл сол №1 ұңғы тұрған жердегі мұнайшылар даңқына арнап орнатқан ескерткіштің басында журналистер  сол алғашқы мұнай бұрқағын атқандардың бірі, өткен тарихтың тірі куәсімен кездесу құрметіне ие болды.

— Маңғыстаудың мұнайын ашу үшін барлаушылар бақандай төрт жыл ізденіп еңбектенді. Әуелде осы жерде бір қазақ азамат ұңғы орнатып ең бірінші газ бұрқағын атқан болатын. Өкінішке орай, мұнай тым тереңде болып техникалық қуат жетіспеді ме, мұнай шыққан жоқ. 1961  жылдың маусым айында Жетібайда бірінші мұнай атылғаннан кейін, қыста желтоқсан айында дәл осы жерде қолдан құрастырып орнатқан ұңғыда Михаил Кулебякин бастап келген отыз мұнайшы Өзеннің алғашқы мұнай бұрқағын атты. Форт-Шевчонкодағы түбіжіктен осында келгенімде 20 жасар бала едім. Кәсіптік училищені бітіріп келген 6 дәрежелі бұрғышының көмекшісі болатынмын. Біздің тұрып жатқан жұпыны жертөлеміз қазіргі Қызылсай (ескі Өзен) жерінде еді.Қазіргідей күн қайда? — деп толғанды, сол кезде  бейнетпен жасаған еңбегінің бүгінде зейнетін көріп жүрген ардагер мұнайшы Болатбай Қарамырзаев...

Алғашқы мұнай бұрқағы атылған жердегі №1 ұңғы – ескерткіштің алдында тұрмыз. Күні бойғы аралап көрген жетістіктер өндірістік орындардың жасампаз жаңалықтары, кербез Кендірлідегі келісті келбеті, ауыз толтырып айтарлықтай, мақтанарлықтай марапаттар мына қарияның алдында, есімдері  маңғаз ескерткішке ойылып жазылған алғашқы мұнайшыларддың есіл еңбектерінің алдында, бір сәт пәс көрініп, тарихқа тағзым жасағандай күйде еді... Менің ойыма «Аяз әліңді, құмырсқа жолыңды біл!» — деген аталы нақыл орала берді...

Киелі Маңғыстаудың кіндігінен шыққан қазына күллі қазақтың кәдесіне жарады. Ел тәуелсіздігін алған  25 жылда еліміздің  қарқынды дамып өркендеуіне де өз үлесін қосқан, Маңғыстау халқының маңғаздана марқайып, бақуатты тұрмыс құруына кепіл болған негіздердің бірі — «Өзенмұнайгаз» АҚ өзінің 55 жасқа толғалы отырған мерейлі мерекесін осындай табыстармен қарсы алуда. Елу жылда ел жаңа демей ме? Өткенін түгендеп, тарихқа тағзым жасаған бұл шаңырақтың бүгінгі келбеті кемел, мерейі үстем. Өзгерген, өркендеген өлкеде  жасампаз тарихтың жаңа тынысы  ашылды.

 Шынар КЕНДІН

1130
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар экономика
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Кикбоксшылар қоржынында — 9 жүлде

Келесі жаңалық

Марапат пен қошеметке толы күн (ФОТО)

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Портовые города Актау и Пирей налаживают сотрудничество с учетом растущего потенциала ТМТМ

    12 ақпан, 10:29
    1774

    Мангистау опередил Астану по объемам инвестиции в науку

    22 қаңтар, 12:30
    2075

    Казахстан планирует утроить экспорт зерна в Иран в 2024 году

    10 қаңтар, 11:31
    2163

    Какие масштабные проекты были реализованы в Мангистау в 2023 году?

    [ 2023 ] 31 желтоқсан, 12:46
    2150

    Инвесторы из Китая заинтересованы в строительстве контейнерного хаба в портах Актау и Курык

    [ 2023 ] 6 желтоқсан, 12:50
    2289

    До 20 млн тонн в год планируется увеличить объем грузоперевозок по коридору Север-Юг

    [ 2023 ] 5 желтоқсан, 10:03
    2230

    Рубрикалар

      Редакция ұжымыФотоТағайындауТүпқарағанМәдениетСпортМәселеРедакция туралы

    Автордың басқа да жазбалары

    Ұлық мереке ұлықталды

    [ 2016 ] 15 желтоқсан, 07:39
    1337

    Қарақияда ескерткіш тақта орнатылды

    [ 2016 ] 9 желтоқсан, 12:57
    1415

    Неліктен біз АИТВ/ЖИТС туралы айтуымыз тиіс?

    [ 2016 ] 9 желтоқсан, 09:35
    2045

    Менің Қазақстанымның аспаны көк

    [ 2016 ] 30 қараша, 13:01
    1297

    Облыс әкімі жұмыс сапарымен «Құрық» паромдық кешенінде болды

    [ 2016 ] 22 қараша, 11:29
    1189

    Дамудың сыры-бірлікте, табыстың сыры-тірлікте!

    [ 2016 ] 21 қараша, 07:05
    1404

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»