• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Ұлық мереке ұлықталды

[ 2016 ] 15 желтоқсан, 07:39  |  Жаңалықтар

©

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі Қарақия ауданында кең көлемде тойланды. Жалпы ел тәеуелсіздігі  мерекесі қарсаңында аудан мен ауылдардың әрбір бөлім, мекемелері мен мектеп, балабақшаларында арнайы жоспар жасақталып мерейлі мерекеге орай түрлі спорттық, өнер сайыстары, көрмелер, мүшайра, сурет салу сайыстары өтті. Еліміздің денсаулық, білім беру салаларына еңбегі сіңген бұл күнде арамызда жоқ ардагерлер құрметіне ескерткіш тақта орнатып, мүжәлсіз және әлеуметтік қорғалушы топтарға қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды. Ал, тәуелсіздік мерекесіне арналған ең негізгі салтанатты шаралар 13  желтоқсан күні, аудан орталығындағы «Ынтымақ» алаңында басталды.

          Мемлекеттік Ту  көтерілді

Аудан тұрғындары орталық алаңға жиналғаннан кейін Қазақстан Республикасының   денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон Комитеті төрағасының орынбасары Оспанқұлов  Төлеген Қапақұлы,  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ілмұханбетова Шолпан Лазарқызы бастаған құрметті қонақтар және аудан басшылығы сахна төріне көтерілді. Аудандық жергілікті полиция басшысы Ж.Қалаубай  аудан әкіміне баянат бергеннен кейін, Әнұран орындалып, Қазақстан Республикасының Туын саптық үлгіде киінген екі ішкі істер қызметкері салтанатты түрде көтерді. Жүргізуші мерекелік шараны ашқан соң алғашқы болып, аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, аудан жұртшылығы мен қонақтарды  тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Бұдан соң, жарқын болашаққа жаңа бір саты қадам басушы жасөспірімдерді Республикалық бірыңғай «Жасұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өтіп,  балалар мен жасөспірімдер  ұйымының симболы болған, көк байрақ түстес  көгілдір галстукты ел ағалары мен құрметті қонақтар салтанатты табыстады. Қасиетті көк Туды көтеру рәсімін аяқтап, патриоттық әндер шебері Самат Құлманов орындаған «Атамекен» әні жиналған қауымның қостауымен Қарақия аспанын шаттыққа бөледі. Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, киелі Байрағымыз биік болса, бұдан асқан бақыт бар ма, «Елім!»- деп соққан әр жүрек үшін?!

Тәуелсіздік көгершіндерін ұшырды

Орталық алаңнан мәдениет үйі алыс емес. Ауылды көркейту бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен таныса жүрген құрметті қонақтар мен аудан халқы  жан-жағы абаттандырылған аумақты аралап жаяу жүргіншге арналған соқпақ жолмен жаяу жүрді. Мәдениет үйі алдында сап түзеген жастар мен түрлі ұлт өкілдері тойшы қауымды салтанатпен қарсы алды.Тәуелсіздікке тәу етіп, түрлі шарлармен бірге бейбітшіліктің 25  ақ көгершінін ұшырды. Мәдениет үйінің фойесінде  аудан әкімі Ә.Дауылбаев бастаған қонақтар, аудан активі  қолөнер мен кітап  көрмесімен танысты. Облыс көлемінде өткен «Түп төркінін төрге оздырған Маңғыстау» атты этнографиялық фестиваліне біздің ауданымызда қатысып, жүлделі орын иеленгендердің көркем туындылары көрермен көңілінен шықты. Қонақжайлықтан алдына жан салмайтын қазекемнің салтымен «Сенек» ауылының тұрғыны А.Қожахметова шұбат ұсынып, ақ дәм ауыз тигізді.

Салтанатты жиында  саңлақтар марапатталды

Ұлық мерекеге арналған  салтанатты жиынға келген жұрт мәдениет үйінен асып артылды. Салтанатына сәні жарасқан  салихалы сахна төрінде жарық бергіш құралдарының көмегімен Тәуелсіздік монументінің бейнесі сәулеленген. Сахна жанында Елбасы жолы, айбынды Астана, жарқын жетістіктерді баяндаған  бейне-баян қойылған.

Ортаға шыққан сайдың тасындай жүргізушілердің әлқиссасынан кейін, бір сәтке  тыныштық орнап, Қазақстан Республикасының  Әнұраны ойналды. Алғашқы болып сахна төріне көтерілген  Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон Комитеті төрағасының орынбасары Оспанқұлов   Төлеген Қапақұлы аудан жұртшылығын мемлекет атынан, өз атынан құттықтап, ел тәуелсіздігінен бергі 25 жылда жеткен жетістіктерде Қарақия ауданының қосқан үлесі ерекше екенін атаса, келесі сөз  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ілмұханбетова Шолпан Лазарқызына берілді.

Аудан халқын ұлық мерекемен құттықтаған Шолпан Лазарқызы:

Қарақия ауданы — Маңғыстау облысы бюджетінің «доноры» десек, артық айтқандық болмайды. Өйткені еліміз және облыс дәрежесіндегі ірі жобалар жүзеге асырылып, құрылыс нысандары көптеп салынуда. Өңірдің дамуына өз үлесін қосып отырған аудандарыңыз өркендеп, дами берсін! — деді, өз құттықтауында.

Сахнаға көтерілген республика өкілі және облыс басшылығы ауданымыздың экономика және әлеуметтік әр саласында жемісті еңбек етіп жүрген 25 азаматқа  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін тағып, марапаттады.

Бұдан соң аудан әкімі Ә.Дауылбаев құттықтау сөз сөйлеп, соңғы жылдары ауданымыздың қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Осы орайда Әділбек Құлынтайұлы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен, Құрық ауылының тұрғындары көп балалы аналар  Мерует Батыргалиқызына «Алтын алқа», ал Әйгерім Ерсайынқызына «Күміс алқа» атағы мен төсбелгісін табыс етті. Бұдан соң, Қарақия аудандық мәслихатының шешімімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл  мерейтойына орай және Қарақия ауданының әлеуметтік- экономикасына қосқан үлесі үшін ардагері, атақты мұнайшы – геолог Мұханбет Ідіркеновке,  Еңбек ардагері, мемлекеттік қайраткері, 2000-2002 жылдары Қарақия ауданының әкімі болған Нұрұлы Саламатқа, көп жылдары Қарақия ауданының автокөлік саласын басқарған, «Ойл Сервис Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Бөкенбаев Ержігіт Әділбайұлына, 2002-2006  жылдары Қарақия ауданының әкімі қызметінде болған, «МАЭК» Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің департамент басшысы Бисенов Бақыт Айдарханұлына «Қарақия ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.Бұдан соң ауданымыздың бір топ озат қызметкерлеріне аудан әкімдігінің «Құрмет грамотасы» мен алғыс хаттары тапсырылды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне арналған салтанатты жиынның соңы аудан өнерпаздары әсем ән, күмбірлі күйіне ұласты. Сонымен қатар ауданымыздан түлеп ұшып, бүгінде елімізге танымал болған «Самал» тобы туған халқына ән-шашуларын арнады. Тәуелсіздік мерекесі кезінде ұйымдастырылған іс-шаралар аясында автокөліктер шеруі де өтті. Ел тәуелсіздігін дәріптеген түрлі ұрандармен, жалаушалармен безендірілген автокөліктерде сақа жігіттеріміз желбірете көтерген көк Байрағымыз көрермен қауымның жүрегіне қуаныш ұялатып, елдігіміз бен егемендігімізді паш етті.

Шынар КЕНДІН

[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="16295,16306,16308"]
1336
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Тәуелсіздіктің төл перзенттері

Келесі жаңалық

Маңғыстауда мемлекеттік марапатқа ие болған кімдер? (ФОТО)

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Маңғыстауда мемлекеттік қызмет алушылар бот арқылы өз құқығын қорғады

    22 тамыз, 13:00
    576

    16 700 қазақстандық Отбасы банкте "AQYL" депозитін ашты

    20 тамыз, 14:23
    269

    Каспийдің Қазақстан бөлігінде албырттың сирек түрі ауланды

    8 тамыз, 10:28
    275

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бірқатар нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

    3 шілде, 16:18
    319

    Ақтауда көлік терезесінен басын шығарған азамат жауапкершілікке тартылды

    30 маусым, 09:27
    119

    "Oxford Qazaq Dictionary" сөздігі тіл-қазынамызды байытты

    19 маусым, 10:32
    265

    Рубрикалар

      ТүпқарағанЭкономикаРедакция туралыМәселеФотоАшық қоғамМәдениетРедакция ұжымыҚоғамҚызық дерек

    Автордың басқа да жазбалары

    Жасампаз тарихтың жаңа тынысы басталды

    [ 2016 ] 12 желтоқсан, 10:02
    1130

    Қарақияда ескерткіш тақта орнатылды

    [ 2016 ] 9 желтоқсан, 12:57
    1415

    Неліктен біз АИТВ/ЖИТС туралы айтуымыз тиіс?

    [ 2016 ] 9 желтоқсан, 09:35
    2044

    Менің Қазақстанымның аспаны көк

    [ 2016 ] 30 қараша, 13:01
    1296

    Облыс әкімі жұмыс сапарымен «Құрық» паромдық кешенінде болды

    [ 2016 ] 22 қараша, 11:29
    1189

    Дамудың сыры-бірлікте, табыстың сыры-тірлікте!

    [ 2016 ] 21 қараша, 07:05
    1404

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»