• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Қарақияда ескерткіш тақта орнатылды

[ 2016 ] 9 желтоқсан, 12:57  |  Жаңалықтар

©

Бүгін Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында танымал дәрігер Биманов Ибрагимнің есімін ел есінде мәңгі орнықтыру мақсатында өзі қызмет еткен аудандық орталық аурухана қабырғасына орнатылған сынтастың ашылу рәсімі  болды.

Кезінде ауданымыздың денсаулық саласына елеулі үлес қосқан азаматтың  құрметіне орнатылған сынтастың ашылу рәсіміне аудан әкімі мен оның орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары мен аудандық мәслихат хатшысы, депутаттар, ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудан ардагерлері, облыстық денсаулық басқармасының өкілдері мен марқұмның отбасы, тумаластары, бірге жұмыс жасаған әріптестері мен достары қатысты. Жиын салтанатты түрде ашылғаннан кейін, алғашқы сөз кезегі аудан әкімі Ә.Дауылбаевқа берілді.Жиналған қауымды алда келе жатқан ұлық мерекемен және бүгінгі игі шараның ашылуымен құттықтаған аудан әкімі, аудан жетістіктері мен мерейлі тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жүзеге асып жатқан жағымды жаңалықтарды атап айтты.

— Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында біз,өткенімізді түгендеп, тарихымызға тағлым жасап, кешегі өткен ата-бабаларымыздың ерен еңбегі мен ерліктерін еске алып, кейінгі ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Міне, сол үрдістің жалғасы ретінде кеше ғана Құланды ауылында Маңғыстаудың білім саласына еңбегін сіңірген, бұл күнде арамызда жоқ, Қазданбай Қосжановтың өзі тұрып, өмір сүрген үйінің қабырғасына орнатылған ескерткіш тақтаны салтанатпен ашсақ, бүгін ауданымыздың денсаулық саласының майталманы болған Ибрагим Бимановтың ерлік еңбегін бүгінгі ұрпаққа өнеге етіп, ескерткіш тақтасын ашқалы отырмыз! - деп, жиналған қауымды құттықтаған аудан әкімі Ә.Дауылбаев және  марқұмның досы  Жаңабай Қибасовтар ескерткіш тақтаны ресми ашты.

Ескерткіш тақта қасиетті жұма күні ашылғанын жақсы ырымға балаған тумаластары ақтылы шашу шашса, аудандық мешіттің имамы Т. Хамит аты ардақталған марқұмның рухына арнап құран бағыштады.

Биманов Ибрагим 1933 жылы  наурыз айында Түркіменстан жерінде Қабыл ауыл советі, Сулмен жерінде дүниеге келген. Жастайынан зерек, білімге, жаңалыққа жаны құмар Биманов Ибрагим  мектеп қабырғасынан-ақ дәрігер болуды армандайды. Биманов Ибрагим  колхоз жерінде 7 сыныпқа дейін қазақша бітіріп, 10 жылдықты Кросноводск қаласындағы түркен мектебінде бітірген. Талабы таудай жас жігіт, мектеп бітірісімен Ашхабат мемлекеттік медицина институтын 1958 жылы ойдағыдай бітіріп, Красноводск қаласындағы туберкулез диспансерінде бас дәрігер болып жұмысқа кіріседі.

Дәрігер – күрделі де жауапты мамандық. Өмірін дәрігерлікке арнаған адамның бойында ең бастысы – «халқыма адал қызмет етсем» деген таза да адал ниеті болу керек. Жүрегі «елім, халқым» деп соққан табанды да, зейінді жас жігіттің еңбек жолы осылайша басталған еді,-деп еске алған жұрт оның өмір жолы, осы ауданда атқарған еңбек жолы мен адамгершілік қасиеттері туралы айтты. Ал отбасы мен тумаластары атынан марқұмның ұрпақтары әке рухына арнап ас-садақа беріп, кең дастархан жайыпты. Бұл басқосуға жиналған жұрт  Ибекең жайлы жақсы естеліктер айтып, аудан басшылығына алғыс білдірді. Слайд арқылы көрсетілген көне суреттер тізбегі – көңілдерге ой салып, кешегі өткен әкелерге, оларға деген бүгінгі ұрпақтың құрметін одан әрі арттыра түскендей болды. Өткені өнегеге толы, болашағын бақытқа бастаған қазыналы өлке – Қарақияның құтты топырағында әлі талай ардагердің есімі еленіп, атағы ардақталатын болады.Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын!

Шынар КЕНДІН

1415
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
жаңалықтар
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Неліктен біз АИТВ/ЖИТС туралы айтуымыз тиіс?

Келесі жаңалық

Маңғыстауда "Әбіш әлемі" республикалық театр фестивалі ашылды (ФОТО)

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Маңғыстауда мемлекеттік қызмет алушылар бот арқылы өз құқығын қорғады

    22 тамыз, 13:00
    583

    16 700 қазақстандық Отбасы банкте "AQYL" депозитін ашты

    20 тамыз, 14:23
    269

    Каспийдің Қазақстан бөлігінде албырттың сирек түрі ауланды

    8 тамыз, 10:28
    275

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бірқатар нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

    3 шілде, 16:18
    319

    Ақтауда көлік терезесінен басын шығарған азамат жауапкершілікке тартылды

    30 маусым, 09:27
    119

    "Oxford Qazaq Dictionary" сөздігі тіл-қазынамызды байытты

    19 маусым, 10:32
    265

    Рубрикалар

      ЭкономикаМаңғыстауСаясатБайланыс мәліметтеріТағайындауСпортБейнеу

    Автордың басқа да жазбалары

    Ұлық мереке ұлықталды

    [ 2016 ] 15 желтоқсан, 07:39
    1337

    Жасампаз тарихтың жаңа тынысы басталды

    [ 2016 ] 12 желтоқсан, 10:02
    1131

    Неліктен біз АИТВ/ЖИТС туралы айтуымыз тиіс?

    [ 2016 ] 9 желтоқсан, 09:35
    2045

    Менің Қазақстанымның аспаны көк

    [ 2016 ] 30 қараша, 13:01
    1297

    Облыс әкімі жұмыс сапарымен «Құрық» паромдық кешенінде болды

    [ 2016 ] 22 қараша, 11:29
    1189

    Дамудың сыры-бірлікте, табыстың сыры-тірлікте!

    [ 2016 ] 21 қараша, 07:05
    1404

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»