©
Бүгінгі таңда жастар арасындағы нашақорлық мәселесі мейлінше өткір болып тұрғаны жасырын емес және мұның әлемдік қаупі бар. Статистикалық деректер елімізде нашақорлықтың таралу ауқымы мен қарқыны жастардың денелік және моральдық саламаттылығын күмәнді ететіндігін растайтын мәліметтер келтіруде.
Осы проблеманы зерттеген мамандардың басым көпшілігі осынау әлеуметтік дертке қарсы күрестің басты бағыты есірткіге үйір болған адамдарды емдеп қана қоймай, сонымен қатар бұл аурудың алдын алуға тиіс деген тұжырымға келген-ді. Және алдын алу шараларын неғұрлым ерте бастаса, оның тиімділігі де соғұрлым жоғары болмақ.
Инъекциялық есірткі тұтынушылардың (ИЕТ) есірткіге тәуелділік сезімін объективті қарастыруға болады. Жалпы, адамның есірткі тұтынуға деген ынтазарлығы факті ретінде қабылданады. Бұл–адамның есірткі тұтынуға деген ұйғарымы мақұлданады немесе көтермеленеді дегенді білдірмейді. Бағдарламалардың жұмыс әдістері клиенттің есірткі тұтынуын жалғастыруға деген ниетіне негізделген. Тұтынушыларды есірткі тұтынуын доғаруға мәжбүрлемегенімен, оларға кәсіби көмек беру ұсынылады.
Мамандардың ИЕТ-ке айып тақпай қараушылығы ИЕТ-ке ғана емес, сонымен қатар тұтастай алғанда аутрич жұмысына да көмек көрсетудің моральдық қағидаты болып табылады. Есірткі тұтынудың ықтимал зиянды салдарын барынша азайту үшін адамның сеніміне қарамастан, кез-келген адаммен жұмыс істеуге әзір болу керек.
ИЕТ-пен жұмыс кезінде зиянды азайтудың негізгі қағидаттары мыналар:
Артып бара жатқан зиянды төмендетуді, мысалы, тек күштік әдістермен ғана есірткінің заңсыз айналымымен күрес тұтастай алғанда, тыйым салынған есірткілердің тұтынылуын азайтуға, сонымен бір мезгілде ИЕТ арасында АИТВ/ЖИТС індетінің таралу ықтималдығын арттыруға апарып соқтырмақ;
Ұзақ мерзімді идеялды міндеттерден (мысалы, есірткіні тұтынуды жалпыға бірдей төмендету секілді) қысқа мерзімді прагматикалық мақсаттар жұмысына (мысалы, белгілі бір мән-жайлар кезінде АИТВ-ның таралуын болдырмау секілді) басымдық беруді;
Есірткі тұтынушыларды қоса алғанда, қоғамның барлық мүшелерінің абыройы мен адами құқықтарын құрметтеуді;
Алға қойылған міндеттерге, мысалы, тәуекелдік дәрежесіне қарай қол жеткізудің арнайы құралдарын әзірлеуді;
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін кешенді стратегиялар мен әдістемелерді пайдалануды;
Есірткі тұтынушылар арасында АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру үдерісіне есірткі тұтынушыларды тартуды қамтиды.
Г.ЖҮСІПБЕКОВА,
облыстық ЖИТС қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі
орталықтың эпидемиолог дәрігері