Маңғыстаудағы алғашқы қала Ақкетік (халық берген атауы) Форт-Шевченко қаласының 170 жылдық мерейтойын кешеден бері дүркіретіп тойлап жатыр. 25 киіз үй тігіліп, Астана мен Алматыдан құрметті қонақтар арнайы шақыртылған тойға КСРО спортына еңбегі сіңген шебер, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Әмин Тұяқов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері және халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Тұржан, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген әртісі, өнертану профессоры Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлы, «Алаш» ғылыми институтының директоры, Әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист Сұлтанхан Жүсіп, «Түпқараған ауданының Құрметті Азаматы» ғалым, пофессор Жұмат Тілепов, медицина ғылымының докторы, пофессор, «Түпқараған ауданының Құрметті Азаматы» Намаз Ізімбергенов және әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты, «Түпқараған ауданының Құрметті Азаматы», марқұм Қабиболла Сыдиықұлының жары Гүлшат Омарова, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рысқұл Ойнаров арнайы келді.
Сонымен қатар, тойға төрінен орын алып, ақ тілектерін арнап Қазастан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Бақтыбай Шелпеков және Қазақстан Республикасындағы Австрия Консулы, әрі екінші хатшы Зинглинде Шпанланг және Ақтаудағы Түрік, Азербайджан, Иран, Түркіменстанның Ақтау қаласындағы Консулдары қатысты.
«Той десе қу бас домалайды» демеуші ме еді? Той тарқатпас жақсылар мен жайсаңдар Ақкетіктің арнайы қонағы қатарында ақын Светқали Нұржан, Сабыр Адай, Ақшагүл Рамазанова сынды маңғыстаулық ақындар мен осы қалада еңбек жолын өндірістік кәсіпорын комбинатында бастап, 1994-98 жылдар арасында Түпқараған ауданының әкімі болып қызмет атқарған Қапуов Әлімғали Нұржанұлы, 1966 жылы Форт-Шевченко қаласындағы С.М.Киров атындағы орта мектебін бітіріп, еңбек жолын Баутин кеме жөндеу зауытында бастап, 1990-1991 жылдары баламалы негізде Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарған, «Түпқараған ауданының құрметті азаматы» Қалпен Еңсегенұлы Есетов сынды ел ағалары да болды.
Милана ЕЛЕУСІНОВА
Суреттерді түсірген автор