Соңғы тәулікте Маңғыстау облысында коронавирус сырқатынан 235 адам емделіп шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
8 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін 2 602 маңғыстаулық сырқатынан жазылып шықты.
Қазіргі уақытта стационарларда 262 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус анықталды. Өкінішке қарай, 2 адам қайтыс болды.