• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 1 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда тематикалық саябақ ашылды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Ақтаудағы медициналық нысандарда...

  • USD: 424.44 ₸
  • EUR: 504.91 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Қоғамдық экологиялық бақылауды күшейту қажет

[ 2020 ] 16 қазан, 10:29  |  Жаңалықтар

«Есојег» қауымдастығы Батыс Қазақстан бойынша филиалының кеңсесінде өткен өңірлік экологиялық кеңес отырысында, 2021-2025 жылдарға арналған Маңғыстау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасының жобасы талқыланып, қоғамдық экологиялық бақылауды күшейту керегі туралы ұсыныс айтылды. Бұл туралы «Есојеr» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста алғашқы болып сөз алған Маңғыстау облысы өңірлік экологиялық кеңес төрағасы Қажымұрат Хайрушев және кең төраға Рашит Мұстапаев, аймақтың экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасының жобасымен таныстырды. Аталмыш жоба жуырда ғана ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағаливетің маңғыстаулық қоғам өкілдерімен онлайн режимінде өткен басқосуда таныстырылған болатын.

Кеңес отырысына қатысушылар жол картасының маңыздылығына тоқталып өтті, әсіресе оған азаматтық қоғамды қатыстыру және жұртшылықтың пікірін ескеру еліміздің бас экологиялық ведомстваның ашықтығын көрсетіп отыр. Рашит Мұстапаев жол картасы бекітілмей тұрып, облыстағы барлық өзекті экологиялық мәселелер қамтылуы тиіс екенін, ал өңірлік экологиялық кеңес құжаттың іс жүзінде жүзеге асырылуын бақылауға алуы қажеттігіне тоқталды.

Гидробиология және экология институтының өкілі Тимур Баймұқановтың айтуынша, инстиут мамандары көп жылдан бері теңіз итбалығы мен оның жатақтарын зерттеумен айналысып келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің және «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен, жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілерді тарта отырып, жағалауда және Каспий теңізінің 500 метрге дейінгі аймағында қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілген, әсіресе заңсыз балық аулауға арналған бірнеше құрал-жабдықтар табылған.

Кеңес төрағасы Қажымұрат Хайрушев өңірде «Rixos» қонақ үй кешенінің пайда болуы су тапшылығы мәселесіне әкелуі мүмкін екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, іс насырға шаппай тұрғанда аталмыш проблеманы қазірден бастап қоғамдық талқылауға салу қажет.

Соңғы кездері Маңғыстау облысында көптеген жобалар қоғамдық тыңдаусыз жүзеге асырылып келе жатқандығы туралы «Эко Мангистау» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин айтып өтті. Ол «Rixos» қонақ үй кешені сияқты ірі әлеуетті тапсырыс берушілерді жобаның жүзеге асырылмай тұрып қоғаммен санасуын және кәсіпкерлік субъектілерін еліміздің заңнамаларын қатаң сақтауға шақырды. Себебі жоба жұртшылыққа таныстырылмай, құрылысы аяқталғаннан кейін ұсынылған жобалар халық арасында наразылық туғызуы мүмкін.

Орта Азия Рамсар өңірлік бастамасы үйлестіру комитетінің мүшесі, эко-амбассадор Әділбек Қозыбақов Қаракөл көлі қаумалында тәртіптің ақсап тұрғанынан алға тартты. Атап айтқанда, аталмыш қаумалда әр көктем мен күз мезгілінде, қоқиқаздардың маусымдық көшу-қону барысы туралы бейнекөріністер кейбір БАҚ мен әлеуметтік желілерде көрсетіліп жатыр. Түсірілім кезінде дрондар пайдаланылады, соның кесірінен Қызыл кітапқа енген құстардың тұрақты мекендеуі күмән туғызады. Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, осындай заңға қайшы әрекеттер Үстірт қорығының инспекторлары таранынан жол берілмеуі тиіс, себебі аталмыш қорықты күзету солардың тікелей міндеті. Ал аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары заң бұзушылыққа жол бергендерді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 378 бабы 2 бөліміне сәйкес жауапкершілікке тартуы тиіс.

Қорық аумағына барған әрбір адамның қолындағы дронды пайдалана берсе, құстар үркиді және қоқиқаздарды айтпағанда, ұшып келуші басқа да құстардың түрлері жыл санап азайып кетуі ықтимал. Ал Қаракөл көліне баруға ниет білдірушілер болса, Үстірт қорығына саяхат ұйымдастыру үшін жолықсаңыз жетіп жатыр. Тек талап пен тәртіпке бағынған абзал.

Отырыс соңында 2021-2025 жылдарға арналған Маңғыстау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасының жобасына кез келген тұрғын өзінің ұсынысын mangystau@ecojer.kz мекенжайына жолдауға болатыны айтылды.

741
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Облыста 3 оқушы мен 1 мұғалім коронавирус жұқтырған

Келесі жаңалық

Маңғыстаулық екі өнерпаз «Бала дауысының» финалында бақ сынайды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      БайқауҚызық дерекСпортЖарнамаБайланыс мәліметтеріМаңғыстау жаңалықтарыТағайындауАнықтама бюросыСаясатСараптамаҚазақстан жаңалықтарыСұхбат

    Автордың басқа да жазбалары

    Облыста кеше 254 адамнан коронавирус анықталды, 9 адам қайтыс болды

    Бүгін 12:06
    33

    Жаңаөзенде велосипед ұрлаған тұрғын ұсталды

    Бүгін 10:33
    54

    Өңірде оттегі баллонына сұраныс артты

    Бүгін 10:13
    55

    Ақтөбеден әкелінген 1000 түк шөп мұқтаж отбасыларға үлестірілді

    Бүгін 09:19
    39

    Ақтауда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар ұсталды

    Кеше 15:48
    163

    Белсенділер Жетібайдағы провизорлық стационарды аралады

    Кеше 14:00
    161

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»