Бүгін 16 қазан күні «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының ақтық кезеңі өтеді. Ән байқаудың бесінші маусымы сағат 15.00-де YouTube каналында көрсетіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған байқауға Маңғыстау облысынан Айару Қимағанбет пен Армен Саакян қатысады. Талантты өрендерге жанкүйер болып, дауыс беруге болады. Ол үшін сағат 16.00-ден бастап @baladauysy (ютуб) каналында және www//notka.kz сайтында онлайн дауыс бересіз.