Жақында ғана бой көтерген «Rixos» қонақүйін тексеруге барған мониторингтік топ осымен үшінші рет кіре алмаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Санитарлық талаптардың сақталуын тексеруге барған жұмыс тобының нысанға кіре алмағанын қаланың бас санитарлық дәрігері бүгін қоғамдық комумуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді. Мамандар демалыс орындарын тексеру алдын ала ескертусіз жүргізілетінін айтады. Мобильді топ рейдтік тексеру жұмыстарын шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғастырмақ.
«Риксос» қонақ үйлер желісіне осымен үшінші рет бардық. Бүгін қонақ үй жетекшілері бізге неге рұқсат берілмегенін, қандай себептер барын түсіндіреді. Біз мемлекеттік органбыз және мұндай іс-әрекеттер біздің жұмысымызға кедергі болып табылады. Сондықтан да мұндай әрекеттер үшін тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз, - деді Ақтау қаласының бас санитарлық дәрігері Асима Жарылғасова.