Маңғыстау облысына Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мен Түркия мемлекетінен гуманитарлық көмек келіп жетті.
Аталған гуманитарлық көмекті Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мамандары қабылдап алу жұмыстарына қатысып, бақылау жасады.
«СК-Фармация» қоймасынан облыстық аурухана қоймасына жеткізілген гуманитарлық көмектің ішінде қанды оттегімен қамтып, көмірқышқыл газын шығаруға арналған 12 дана оксигенатор құрылғысы мен 1 050 дана медициналық маска бар. Жеткізілген оксигенатор мен маскалар алдағы уақытта облыстағы қала мен аудандарға бөлінеді. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында барлық процестерді Департамент мамандары бақылауға алып, мониторинг жүргізетін болады, делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.