Тамыз айынан бастап 731 нысан тексеріліп, оның 472-не дайындық актілері берілді. Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн- брифингте Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Мұқанбетжан Көбеген мәлім етті.
«Тамыз айынан бастап 731 нысан тексеріліп, оның 472-не дайындық актілері берілді. Олардың ішінде 5 ойын сауық, 37 сауда орталығының, 11 үйдің, 13 базардың, 6 фитнес залдың, 117-і азық-түлік емес сауда дүкендердің, 21 қоғамдық моншаларды, 73 сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық қызмет көрсету орталықтарының 118 мектепке дейінгі ұйымдардың, 50 балалар түзету кабинеттерінің, 58 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының дайындығы анықталып, оларға дайындық актілері берілді», - деді МО кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Мұқанбетжан Көбеген.
Ел аумағында короновирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 29 шілдедегі отырысында берілген тапсырмаға сәйкес облыс аумағында кәсіпкерлік нысандар мен білім беру ұйымдарының карантиндік талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуге дайындығын бақылау жөнінде облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар құрылып, осы комиссиялардың ішінен 24 жұмыс тобы құрылды.
Атап айтқанда Ақтау қаласында-4, Жаңаөзен қаласында-3, Бейнеуде – 3, Түпқарағанда-3, Маңғыстау ауданында-2, Қарақияда – 2, Мұнайлыда- 7.