Ақтауда түнгі кезекшілікте автомобиль жолдарында жиналған 2100 м3 жаңбыр суын сорып алу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мамандар түнгі кезекшілікте мына мекен-жайларда су тазалау жұмыстарын жүргізді:
-32в ш/а, Шаңырақ ТҮК маңы;
-№22 және №25 автомобиль жолының қиылысы, «Олжа» с/о маңы;
- №24 және №27 автомобиль жолының қиылысы, «Аяулы ана» ТҮК маңы;
- 17 шағын аудан «Халық арена»;
- 16 шағын аудан, «Инара» ТҮК маңы;
-31Б және 32Б шағын аудан аралығы;
- №29 автомобиль жолы, Хазар базары;
-31 шағын аудан, Сары базар.
-№12 автомобиль жолы, «Евразия» банк маңы;
-27 шағын аудан 44-үйдің маңы.
Бұл жұмыстарға 23 қызметкер және 17 арнайы техника жұмылдырылды. Автомобиль жолдарынан 2100 м3 су алынды. Су алу жұмыстары жалғасады.