Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева айтты. Жедел жәрдем көлігінің төртеуі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры сыйласа, қалған алтауын Kaspi.kz компаниясы тарту етті. Айта кетейік, санитарлық машиналар денсаулық сақтау басқармасының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін аймақтың аудан, қалаларына бөлініп беріледі.
Жедел-жәрдем көліктері келесі тәртіпте таратылады:
Түпкараған – 1;
Қарақия – 1;
Бейнеу – 2;
Мұнайлы – 3;
Маңгыстау- 1;
Жаңаозен – 1;
Ақтау – 1.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры 100 жедел жәрдем көлігін сатып алып, оларды әріптестік меморандум аясында денсаулық сақтау министрлігіне тапсырды.
Бұдан бөлек, Kaspi.kz компаниясы пандемиямен күресте жүрген жедел жәрдем қызметіне 100 санитарлық машина сыйлады. Олар емханалардың мобилді бригадаларына (күрделілігі 4 дәрежедегі шұғыл медициналық көмек шақыртуларға) арналған. Chevrolet Damas моделі негізіндегі автокөліктерді отандық өндіруші «СарыарқаАвтоПром» әзірлейді. Санитарлық машиналар денсаулық сақтау министрлігі бекіткен техникалық сипаттамаларға сәйкес келеді.