Субсидияға тиесілі несиелендіру сомасы 7 млрд теңгеге дейін ұлғайды
[ 2020 ] 24 сәуір, 10:43 | Жаңалықтар
Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды.
Биыл «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 5,1 млрд теңге бөлінді (3,8 млрд теңге қосымша қаражат). Оның ішінде:
- кредиттердің пайыздық ставкасын субсидиялауға 4,5 млрд теңге;
- кредиттерді ішінара кепілдендіруге - 639,3 млн теңге.
МО кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаеваның айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес төтенше жағдай талаптарына кәсіпкерлікті қолдау бойынша, «Бизнестің жол картасы - 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру үшін бірқатар шаралар қабылдау аясында келесі өзгерістер күшіне енген:
«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасында субсидиялау құралы бойынша:
Салалық шектеулер алынып тасталды;
Кәсіпкерлер үшін мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендеді;
Бағдарламаның үшінші бағыты алынып тасталды (кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету).
Субсидияға тиесілі несиелендіру сомасы 7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасында кепілдендіру құралы бойынша өзгерістер:
Бірінші бағыт бойынша ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге кепілдік бойынша несие сомасы – 180 млн теңгеге дейін өсті, екінші бағыт бойынша – несие 360 млн теңгеге дейін кепілдендіріледі. Бұл ретте несие сомасынан 85%-ға кепілдендіріледі;
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша несиелер 360 млн теңгеге дейін, екінші бағыт бойынша 1 млрд теңгеге дейін кепілдендіріледі. Несие сомасынан 50%-ға дейін кепілдендіріледі;
100% айналым қаражаттарын толықтыруға Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 360 млн теңгеге дейін, екінші бағыты бойынша 500 млн теңгеге дейін кепілдендік беріледі. Сауда саласы бойынша айналым қаражаттарын толықтыруға 100 млн теңгеге дейінгі несиелермен шектелген;
Сондай-ақ, екінші бағыт бойынша (сауда және ҚР Кәсіпкерлік кодексінінің 24 бабы 4 тармағында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда) салалық шектеулер алынды;
«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасына келесі ірі бизнес субъектілері енгізілген, атап айтқанда: азық-түлік өндірісі, сабын және жуғыш құралдары, санитарлық-гигиеналық бағыттағы қағаз өнімдері, автомобиль автокөлігімен жүк тасымалдау, қойма шаруашылығы және көлік қызметі, туризм, меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару.
«Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша бағдарламаның жалпы қаржыландыру сомасы 1 трлн.теңгеге дейін мерзімі 10 жылға ұлғайтылып, тауарлар тізбесі кеңейтілді», - деді «Даму» қорының МО филиалының директоры Гүлжан Қалымбетова.
1547
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.