«Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Аманкелді Табылғанұлы Майлан тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Бейнеу ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.
Аманкелді Майлан 1980 жылы 14 қаңтарда Бейнеу ауданында туған.
Білімі жоғары. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан аграрлық партиясының баспасөз қызметінің кеңесшісі ретінде бастап, 2002-2003 жылдары денсаулық сақтау министрлігінде баспасөз хатшысы қызметінде болған.
Мемлекеттік қызметке 2003 жылы аудандық ішкі саясат бөліміне бас маман ретінде қабылданып, жұмыспен қамту, ішкі саясат, жер бөлімдерінде бөлім басшысы лауазымын атқарған.
Азаматтық қызметте аудандық мұражай, кітапхана директоры, аудандық «Рауан» газетінің бас редакторы лауазымдарында болды.