Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмовтың өкімімен Адайбек Калиев Өтемісұлы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Адайбек Калиев 1987 жылы Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы C.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Шетпе ауылында «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып бастаған. Кейін, «Маңғыстау ауданық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ бөлім басшысы, аудан әкімінің кеңесшісі қызметтерн атқарған.