©
Латын әліпбиіне көшу – еліміздің жаңа заманға, жаңа қоғамға, жаңа нарыққа, жаңа кеңістікке көшуін көрсететін нақты көрсеткіш. Себебі қазіргі таңда дүниежүзі халқының 80 пайызы латын әліпбиін пайдаланады. Дүниежүзінің озық технология, жаңашыл өнеркәсіптің барлығы латын әліпбиімен ағылшын тілінде жүреді. Яғни жаңа технологияға, цивилизацияға көшуге жасалған бет бұрыс деп атап өткен жөн.
Латын әліпбиіне көшу үрдісінің бастапқы сатысы орындалды. Бұл елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің жаңа әліпбиін қабылдау туралы Жарлық дайындауға тапсырма бергені.
Латын қаріпіне көшу болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білемін. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор...
Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде, ана тіліміздің болашағын баянды етіп, қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, еліміздің халықаралық аренадағы беделін одан әрі көтереріне сенімдімін.
Азиза Жаңабаева, Ақтау қалалық
№11 орта мектептің 10-сынып оқушысы