Еліміз өркениетті қоғамға бет бұрған кезеңде Қазақстанның кириллицадан латын қарпіне көшуі міндетті түрде қажет. Бұл еліміздің дамуына орасан зор ықпалын тигізері сөзсіз. Латын қарпіне көшу – бұл жай ғана айтыла салған сөз емес, озық ойдың жемісі.
Мінеки, соның дәлелі Елбасымыздың бүгінгі жаңа әліпбимен танысуы болып отыр. Әрине, қысқа уақытта мұндай ауқымды жұмысты атқару оңай шаруа емес екені анық. Сонда да жауапкершілігі мол істі сөз күйінде қалдырмай іске асырғаны қуантады. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.
Е.ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ,
Маңғыстау политехникалық колледжінің
2-курс студенті