Ақтауда шағын футболдан «QALA KUBOGY-2024» турнирі ұйымдастырылып, «төрт финал» форматы бойынша өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кубок бәсекесі әуесқой командалар «Atrium», «Каспий», «BS Строй» және «Альянс ЛТД» арасында сарапқа салынды.
Шараға Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш қатысып, жарыс жеңімпаздарын құттықтады.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға диплом мен медальдар табысталды. Жарыс қорытындысына сәйкес І орынды «BS Строй», ІІ орынды «Atrium» иеленсе, ІІІ орынға «Каспий» командасы тұрақтады.