Бүгін, 21 ақпан күні Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» бәсекесі басталады. Жарыстың алғашқы күнінде маңғыстаулық Анна Казюлина татамиге шығады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Доданың алғашқы күнінде 60 және 66 келі салмақтағы ерлер, әйелдер арасында 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақтағы балуандар сынға түседі. Ерлерден 60 келі салмақта Дәурен Сүйеукенов пен 66 келі Ерлан Серікжанов ел намысын қорғамақ. Ал әйелдерден 52 келі салмақпен маңғыстаулық Анна Казюлина татамиге шығады.
Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлемдік рейтингтік турнирге Қазақстан сапынан 17 татами шебері қатысады. Соның ішінде Маңғыстау облысының дзюдошылары Руслан Мусаев, Анна Казюлина және Ақниет Тұрдан бар. Жарыс 23 ақпанда аяқталады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА