Ақтауда Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасында өткен ХІІ халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Жарыста Маңғыстау облысы 2 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлдені қанжығасына байлады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 52 келі 1. Махметов Азат, ХДСШ, Нұр-Сұлтан 2. Дүйсенбай Қуаныш, СШ, Маңғыстау 3. Байниязов Олжас, ХДСШ, Атырау 3. Жетібаев Самат, СШ, Маңғыстау 57 келі 1. Теміржанов Серік, ХДСШ, Павлодар 2. Шəуменов Рүстем, СШ, Қарағанды 3. Төлтаев Саматали, ХДСШ, Маңғыстау 3. Қыдырбаев Жанболат, СШ, Жамбыл 63 келі Усмонов Баходур, ХДСШ, Тəжікстан 2. Зейнулинов Ертуған, СШ, ШҚО 3. Сафиуллин Закир, ХДСШ, Шымкент 3. Бекбергенов Сабыржан, ХДСШ, Ақмола 69 келі 1. Шаршов Сұлтан, СШ, Маңғыстау 2. Бекбауов Дулат, СШ, Жамбыл 3. Өскенбек Мəулен, СШ, Маңғыстау 3. Эркинбоев Сайфулло, СШҮ, Өзбекстан 75 келі 1. Аманқұл Əбілхан, ЕССШ, Жамбыл 2. Құлахмет Тұрсынбай, ХДСШ, Қызылорда 3. Əлжанов Ерік, ХДСШ, Маңғыстау 3. Жүсіп Қуандық, СШ, Қызылорда 81 келі 1. Жеңіс Нұрас, СШ, Маңғыстау 2. Айтбек уулу Таалайбек, СШҮ, Қырғызстан 3. Нұрасылов Арман, СШ, Маңғыстау 3. Ушаев Илес, СШ, Ресей Федерациясы 91 келі 1. Нұрмағанбет Бек, ХДСШ, Түркістан 2. Сабиров Нұрлан, СШ, Маңғыстау 3. Алымбек уулу Бектур, СШҮ, Қырғызстан 3. Рахманов Оңталап, СШ, Қызылорда +91 келі 1. Еркін Мұқаметжан, СШ, Атырау 2. Дəуренұлы Айболды, СШ, Маңғыстау 3. Худоргонов Абдулла, ХДСШ, Өзбекстан 3. Хакимов Шермахамат, СШ, Қырғызстан Турнирде «Үздік техникасы үшін» номинациясын Тәжікстаннан келген Бахадүр Усмонов иеленді, "Жеңіске деген жігері үшін" номинациясын қырғызстандық Таалайбек Айтбекуулы алды. Ал 75 келі салмақпен шаршы алаңға шыққан қызылордалық Тұрсынбай Құлахмет пен жамбылдық Әбілхан Аманқұлтың кездесуі «Ең үздік жекпе-жек» деп танылды. "Үздік төреші" номинациясымен Тәжікстаннан келген Мансур Мухиддинов марапатталды. Айта кетейік, аталған жарыста топ жарған 57, 63, 75 келі салмақтағы боксшылар Қытайда өтетін лицензиялық турнирге қатысады. Турнирге Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және әр облыстан келген 70-тен астам спортшы қатысты. Былғары қолғап шеберлері 8 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Сонымен қатар жарысқа Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалым Кенжебаев, Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев, әлем чемпионы Галиб Жафаров және Шоқыр атамыздың қызы Тоты Шоқырқызы арнайы келіп, сынға түскен спортшылардың шеберлігін тамашалады.
Айбек МҰХАНОВ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="88473,88472,88468,88466,88474,88475,88476,88477,88478,88479"]